Ұжым қызметкерлері қарт жолшыны іздеп барды

Әлеумет
21.02.2023, 11:02
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жамбыл жол дистанциясы ұжымы мен мекеме кәсіподағы 86 жастағы ардагер Салих Хамантуровқа амандаса барып, азық-түлік себетін сыйлады.  

Кәсіподақ комитетінің төрайымы Сәуле Абдраимова мен машинист Азамат Сыдықов, метролог Раушан Назарова бастаған ұжым қызметкерлері жылдағыдай зейнеттегі бұрынғы әріптестерінің үйін аралап, қал-жағдайымен танысуды бастады. Биыл олар алдымен Салих ақсақалдың үйіне барды.  

– Салих Хамантуров бұрын біздің дистанцияда көп жыл жол монтері, жол бригадирі, жол шебері болып жұмыс істеген. Ардагерлер кеңесін басқарған. Бүгінде балалары алыста болғасын, күтімі дұрыс болмай қарияның жағдайы нашарлап қалыпты. Кемпірі де ауырып жатыр екен. Оны көріп біздің де көңіліміз түсіп қалды. Баласы Ресейден кеше келіпті. Бұл жолы азық-түлік себетін апардық, алдағы уақытта қаражат көзі табылса, көмек көрсету жағын ойластырудамыз, – дейді кәсіподақ басшысы.  

Иә, қарттар күнінен басқа уақытта да қарияларды естен шығармай, қартайған жандарға көңіл бөліп отырғанға не жетсін. Жамбылдық жолшылар ұжымы жыл бойына осы ретпен бұрынғы әріптестерінің үйіне кіріп шығуды дәстүрге айналдырған.  Бүгінде аталған жол дистанциясында 221 зейнеткер бар.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды