Машинистер отбасы депода бас қосты

Әлеумет
24.02.2023, 10:08
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Сексеуіл локомотив депосының бір жылдық бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес машинистер отбасымен кездесу өтті.

Жиынға локомотив бригадасы мүшелерінің жұбайлары мен аналары келді. Депо кәсіподағы комитетінің төрағасы Нұрлан Жұмқанов, депо бастығы міндетін атқарушы Еркебұлан Аяғанов, депо бастығының орынбасары Бауыржан Тұрмантаев сөз сөйлеп, отбасындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау жайын сөз етіп, компанияда болып жатқан жаңалықтардан да хабардар етті. Кәсіподақ өкілдері теміржолшылар үшін шипажайға жолдама бөлу, балаларды лагерьге жіберу тәртібімен таныстырды. Машинистер отбасына берілетін әлеуметтік пакеттер реті, олардың еңбекақысын көтеру жайы түсіндірілді. Отбасылармен байланыс орнату қозғалыс қауіпсіздігінде бұзушылықтардың алдын алуға үлкен септік ететіні айтылды.  

– Қызметкерлеріміздің өз міндеттерін адал және уақытында атқарып, жұмыста жоғары нәтижеге жетуіне бірінші кезекте отбасындағы ахуал әсер етеді. Үйінде береке мен жайлы жағдайды жасап отырған әйел заты болмаса, машинистің жұмыста көңіл-күйі дұрыс болмай, бұл өндіріс көрсеткішіне теріс әсер етеді. Сондықтан сіздерге алғысымыз шексіз, – деді Кәсіподақ комитетінің төрағасы Нұрлан Жұмқанов.  

Кездесу соңында локомотившілердің аналары мен әйелдеріне бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттар табыс етілді. Атап айтқанда, машинист Айбек Нұрманов қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда күндіз-түні уақытпен санаспай еңбек етіп, депо көрсеткіштерінің орындалуына зор үлес қосқаны үшін оның анасы Ұлболсын Рахатқызы, машинист Ержан Қазиевтің анасы Зейнезай Қазиева «Тепловоз машинисінің үлгілі анасы» деген атаққа ие болды. Ал машинист көмекшісі Нәжімбек Исаевтің анасы Алтынгүл Тәттібайқызы, машинист көмекшісі Ғабит Таласбаевтың жұбайы Ұлболсын Ахметова, машинист Аққозы Берғалиевтің анасы Асылзат Тұрмантаева, машинист көмекшісі Нұрболат Қарашевтің жұбайы Ғазиза Нағашыбаева Алғыс хатпен марапатталды. Кеш соңында дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов асыл аналарға арнап ән шырқады.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды