«C&В» кәсіби клубы ашылды

Әлеумет
18.04.2023, 10:53
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Компанияның аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаевтың қатысуымен «C&В» (Competition and benefits) немесе кәсіби мамандардың басын қосатын клуб ашылды. Келешекте көптеген мәселені қамтуды жоспарлап отырған клубтың бастапқыда қозғайтын мәселесі жалақы болмақ.

– Жүз мыңнан астам адам еңбек ететін елдегі ірі жұмыс беруші компанияның бірі «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін басты құндылық оның қызметкерлері болып табылады. Сондықтан жұмысшылардың әл-ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Өкінішке орай, әлеуметтік тұрақтылық индексі көрсеткіштерінің жыл сайынғы төмендеу үрдісі байқалуда. Мәселен, 2022 жылдың қорытындысы бойынша индекс 65% құрады, бұл алдыңғы жылдан 7 тармаққа төмен. Осыған орай еңбекақы төлеуге жауапты қызметкерлер үшін бірыңғай алаң ретінде кәсіби клуб құру ұсынылып отыр. Бұл бастама еңбекақы төлеумен айналысатын компаниялар тобының барлық қызметкерлерін бір алаңға шоғырландыруға мүмкіндік береді. Клубта алған білім барлық қатысушыларға пайдалы болатынына және практикалық қызметте қолдануға септігін тигізеріне сенімдімін. Клубтың барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына жемісті жұмыс, сындарлы диалог және өзара тиімді байланыс тілеймін, – деді Серік Кеулімжаев кәсіби клубтың ашылу салтанатында.  

«C&В» клубы бірнеше бағытты қамтиды. Алдымен ол коммуникацияға арналған алаң болып табылады. Оған үш айда бір кездесіп, «C&В» жаңа алаңын құру, айына бір рет бас қосып, ақпарат сессияларын өткізу, клуб мәселелері бойынша жадынама әзірлеу, C&В дайджест дайындау. Екінші бағыт, C&В мәселелері бойынша сарапшыларды оқыту және жетілдіру. Бұл жерде сарапшыларды дамыту телеграмм каналы және сыртқы оқуларға жолдау арқылы жүзеге аспақ. Сонымен қатар C&В бағыты бойынша ішкі жаттықтырушылар пулын құру және C&В мәселелері бойынша шеберлік сабақтарын өткізу үшін сырттан сарапшылар шақыру көзделген. Клубтың үшінші бағыты C&В процестерін жетілдіру және тәжірибе алмасуға негізделген. Яғни оның аясында портфельді компаниялармен C&В мәселелері бойынша кездесулер өткізу, лайфхактар, жетістіктерді таныстыра отырып, тәжірибе алмасу арқылы сарапшылардың құзыреттілігін жетілдіру, өңірлерде C&В кәсіби функционалын түзу. «C&В» клубының соңғы бағыты команда құру шараларына арналған. Мұның шеңберінде C&В сарапшыларына значоктар тапсырып, сыртқы оқуларға жолдау арқылы тимбилдингтер, C&В тақырыбы бойынша интеллектуалдық ойындар өткізу, C&В оффлайн форумдарын көшпелі іс-шаралар форматында ұйымдастыру, ал жыл соңында C&В саласындағы үздік сарапшыларды марапаттау қарастырылған.

– «C&В» клубын ашудағы мақсат – жалақы мәселесіне қатысты егжей-тегжейлі ақпарат беру, түсіндіру. Мысалы, көлік қызметкерлері күніне орай бір реттік сыйақы беру туралы басқарма жиыны өтті делік. Бұл хабарламаны біз «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, ЦЖС-ке жібереміз, олар өздеріне қарасты атқарушы инстанцияларға жібереді, олар тізбек бойынша келесі тұлғаларға, осылайша ақпарат бір аптадан соң линияларға жетуі мүмкін. Ал бұдан былай клубқа тіркелген Қазақстан бойынша жалақы мәселесімен айналысатын 500 маман коммуникация алаңы арқылы ақпаратты тікелей бізден алатын болады. Бұл клуб Телеграмм каналы арқылы жұмыс істейтін болады. Мәселен, жалақы немесе сыйақы мәселесі қозғалған жиында отырып-ақ, әріптестер бүгінгі жиында осындай мәселе қаралып, шешім қабылданды, әзірліктеріңді бастай беріңіздер, бұйрықтарыңды дайындай беріңіздер деп жазамын. Әйтпесе, мынандай жағдайлар болып жатады, ЦЖС бірінші төлеп қояды сыйақыны жұмысшыларға, басқалары кейін дегендей, содан келіп түсінбеушілік, наразылық туындап жатады. Ал бізден бірден ақпарат алған мамандар осындай шиеліністі жағдайлардың алдын алатын болады, – деген «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің C&В блок жетекшісі Саян Сыздықов, клубқа жалақы мәселесімен айналысатын мамандар ғана мүше бола алатынын атап өтті.  

«C&В» клубының мүшесі алдымен «Telegram» каналын жүктеп, талапқа сай өз профиліне қатысты деректерді толтырады, сосын «C&В» клубына қатысу үшін арнайы сілтемеден өтеді. Назарға алатын нәрсе, клуб алаңында жарияланған ақпаратты қызмет барысында пайдалануға ғана болады, ал басқа жерлерге таратуға рұқсат жоқ. Яғни жарияланған ақпаратты клубтың әкімгері болып табылатын ЦКадр мамандарымен кеңесіп, келісім алғанда ғана таратуға болады.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады