«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Бауман станциясында

Әлеумет
04.07.2023, 15:15

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына жоғары білікті медициналық көмек қолжетімді болып отыр. Аталған өңірдің Бауман станциясына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы тоқтады, деп хабарлайды Rail-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бауман станциясына медициналық пойыз 3 шілдеде сағат 22:40-та барды. Ал, кету уақыты – 4 шілде сағат 20:50. Сондай-ақ, пойыздың жүру бағытында Әдемі-қазақ, Жақсы, Адыр секілді станциялар бар.

Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеттері жоқ аймақтарды қамтиды. Осылайша, биыл шалғайдағы елдімекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды. Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған. Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.

Бұған дейін аталған пойыз бірнеше облыста болып, тұрғындарға көмек көрсетті. Соның бірі - Абай облысы Шар қаласының тұрғыны Айгүл Исаева. Ол ұзақ уақыт бойы көру қабілетіне шағымданғанын айтады. Оны медициналық пойыз мамандары тексеріп, емделуге ұсыныстар берген. Пациент дәрігерлерге көмегі үшін алғыс айтты.

«Қанша жыл есепте тұрдым, бірақ мүгедектік ала алмадым. Дәрігерлер бұл мәселені шешуге көмектесетінін айтты. Мені мазалаған екінші сұрақ қызыма қатысты. Ол тұрмыс құрған, бірақ ажырасқан, екі баласы бар. Қызым жәрдемақы ала алмай келеді. Бұл мәселені шешуде де көмек көрсетілді. Барлық қатысушыларға алғыс айтқым келеді. Бақытты жол тілеймін», - деп әсерімен бөлісті Райгүл Естаева.

Айта кетсек, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС 26 сәуірде Алматы-2 стансасынан басталған және 6 желтоқсанға дейін жүретін «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының кестесін бекітті. Медициналық пойыздың қазіргі қозғалыс кестесі шалғайдағы станцияларда медициналық пунктілердің жоқтығын ескере отырып және азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жасалды.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Samruk-Kazyna» АҚ компаниялар тобының атынан, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен, «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорымен ынтымақтасуымен іске асып жатыр. Ал, маңызы зор ауқымды әлеуметтік жобаның негізгі ақпараттық серіктесі - ҚР Президентінің Телерадиокешені.

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен алғаш рет азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетақы, жәрдемақы, әлеуметтік төлемдер және атаулы әлеуметтік көмек алу құқықтарын қорғау мәселелері бойынша тегін консультациялар беріліп келеді. Сонымен қатар, шалғай аймақтардың тұрғындары тегін медиативті және заңгерлік көмек ала алады.

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды