Қарттар үйіндегі кездесу

Әлеумет
05.10.2023, 14:48
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің кәсіподақ төрайымы Айша Қалағанова бастаған ардагерлер Орал қаласындағы қарттар үйіне арнайы барды. Ұзақ жыл вокзалда қызмет еткен Татьяна Котова қазір осы әлеуметтік орталықта тұрады.  

Қарттар мерекесі қарсаңында сонау Ақтөбеден арнайы іздеп келген әріптестерін көріп қатты қуанған Татьяна Ивановна бір жылап, бір күліп мәз-мәйрам болды.  Переметное селосындағы әлеуметтік орталықта тұратын Татьяна әжейге  ақтөбелік әріптестері арнайы сәлемдеме беріп жіберіпті, түрлі жемістер салынған себетті ықыласпен алған кейуана жанындағыларға да үлестірді.  

Татьяна Иванова ұзақ жыл Орал вокзалында қызмет еткен. Касса қызметі мен вокзал шаруашылығына қатысты барлық жұмысты атқарып, нағыз маман болған деседі көзкөрген әріптестері. Әлеуметтік орталық қызметкерлері ардагердің қоғамдық жұмыстарға белсенділігін, қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысатынын жеткізді.  

– «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашан да қарттарын қадірлеп өскен. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болуы тиіс. Атаулы мерекеде кезінде бүкіл саналы ғұмырын жолаушы қызметіне арнап, бүгінде тағдырдың жазуымен әлеуметтік орталықта тұрып жатқан кешегі әріптесімізді арнайы іздеп келіп, көңілін көтергенімізге өзіміз де қуанып қалдық, – деді А.Қалағанова.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды