Маңғыстау станциясында сала ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Әлеумет
09.10.2023, 14:24
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Қарттарын қадірлеген халқымыз қариясын қазынасына балап, қашанда төрге оздырған. Жақында өткен халықаралық қарттар күніне орай Маңғыстау станциясында сала ардагерлеріне құрмет көрсетіп, батасын алған шара өтті.  

Кәсіподақтың мұрындық болуымен ұйымдастырылған басқосуға екі жүзден астам ардагер жиналды. Көптен бас қоспаған қариялар бір-бірін көргеніне қуанып, емен-жарқын әңгіме-дүкен құрысып, шер тарқатысып, арқа-жарқа болды. Алыс-жақыннан жиылған осынау аяулы жандар замандас, дос-жарандарымен бірге көрікті мейрамханадағы мерекелік дастарханнан дәм татып, өздеріне арнайы дайындалған концерттік бағдарламаны тамашалады. Естеліктер айтып, өнегелі әңгіме шертті.  Өңір теміржолының өткені мен бүгіні де сөз болды.

Қонақтарды Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Нәжімеден Ғұбашов, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директоры Мұхтар Бақтыгереев, орталық теміржолшылар кәсіби одағының Маңғыстаудағы өкілі Сәрсенбай Есенқұлов, қосалқы бөлім кәсіподағының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов және басқа да кісілер атаулы күнмен құттықтап, дендеріне саулық тіледі. Ардагерлердің  Маңғыстау теміржолына қосқан үлесі туралы айтып,  еңбегіне алғыс білдірді.  – «Қариялы ел – қазыналы ел» деп бекер айтқан ба?! Ақсақалдарымыз бен ақжаулықтыларымыз қатарлас, құрбылас, әріптес болған жандармен дидарласып, бүгін бір жасап қалды. Ал біз олардың әңгімесін тыңдап, батасын алдық. Бұл кісілердің ризашылығына бөленіп, өмірлік тәжірибесінен ғибрат алудың өзі бізге бір  ғанибет, Қарттарымыз бақуатты өмір сүріп, аман-сау жүргей, – дейді орталық теміржолшылар кәсіби одағының маңғыстаудағы өкілі Сәрсенбай Есенқұлов.    

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда