Биыл теміржолды кесіп өткені үшін 28 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әлеумет
25.12.2023, 10:43
Оқуға 2 мин

Осы жылдың басынан бері Көліктегі ПД мен оның желілік бөліністері қызметкерлерімен белгіленбеген жерлерден теміржол төсемін кесіп өткені үшін 27 837 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Пойыздардың шұғыл тежелуінің 1863 фактісі тіркелді, оның ішінде темір жолда адамдардың болуы салдарынан 364, жануарлардың болуына байланысты 1270 және т.б. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді.

«Тергеу материалдары жазатайым оқиғалар азаматтардың қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзулары салдарынан болатындығын көрсетеді. Көп жағдайда, адамдар темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп жарақат алып немесе пойыз астына түсіп мерт болып жатады. Соңы қайғыға әкеп соқтыратын оқиғалар теміржол төсемін жаяу жүргіншілер жолы ретінде пайдаланылған кезде орын алып жатады», - деді Б.Малыбаев. Сондықтан теміржол маныңда әр адам өте мұқият болуы керек.

Оның айтуынша, Департамент қызметкерлері темір жол ұйымдарымен бірлесе отырып, пойыздардың қозғалысы аймағында азаматтардың жарақат алуын болдырмауға бағытталған «Тоқтаңыз, басып кету қаупі бар!», «Темір жол – қауіптілігі жоғары аймақ!» профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады. Мәселен, осы  мерзім ішінде тәртіп сақшылары халықпен 2952 жиын, жолаушылар пойыздарында 3136 кездесу, сондай-ақ оқу орындарында 3193 дәріс өткізіп, теміржол объектілерінің негізгі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Жоғарыда жүргізілген профилактикалық іс-шараларға қарамастан, азаматтар теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуды жалғастыруда, осылайша өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде. Жыл басынан бері жылжымалы құрамның астына өз абайсыздықтарынан 90 азамат түсіп, оның жартысынан көбі өліммен аяқталды, соның ішінде 6 факт бойынша балалар зардап шекті.

Өткен аптаның өзінде пойыз астына екі адам түсті. Өкінішке орай, олардың бірі өліммен аяқталды.

«Әрбір азамат темір жолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін ұмытпауы шарт. Қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы және темір жолдарды тек арнайы белгіленген жерлерден өтуі қажет. Сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығы айқын әрі дұрыс әрекетіңізге байланысты. Әрдайым, сақ болыңыздар!»,- деп түйіндеді сөзін ведомство басшысы.

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды