Өнерлі өрендер байқауы (Фото)

Әлеумет
03.06.2024, 12:23
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жас әншілер мен бишілер байқауы өтті.

Байқауға бөлімшеге қарасты мекемелер қызметкерлерінің балалары қатысып, жарты күнге созылған жас өнерпаздар байқауының  жеңімпаздарын кәсіподақ ұйымы арнайы дипломдармен марапаттап, сыйлықтар тапсырды.

– Байқауға қатысуға 6-13 жас аралығындағы үміткерлерден өтінімдер қабылданды. Теміржолшылардың балалары бұл күнді асыға күтті, жарысқа үлкен дайындықпен келіпті. Үздіктерді анықтау да оңайға соққан жоқ, – дейді кадрлар бөлімінің басшысы Меруерт Баймұрзаева.

Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік іс-шара мұнымен шектелген жоқ. Түстен кейін балалар Тараз қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы орталық саябаққа саяхат жасады. Кәсіподақ ұйымы жас жеткіншектерге аттракциондарға тегін билет сыйлап, балмұздақ таратқан.

Ал Жамбыл локомотив депосы қызметкерлерінің балалары үшін мереке 100 жылдық тарихы бар депо музейінен басталды.    

– Локомотив пайдалану депосына экскурсия жасаған балалар әкелері, аталары еңбек еткен жерді көру балаларға қызық болды. Депо тарихымен танысып, аралап көріп, машинистер мен көмекшілерінің есімдері жазылған тақтадан «менің әкемнің есімі неге жазылмаған» деп аты-жөнін іздеп таласқандар болды, – дейді  жеткіншектерге экскурсия жүргізген депо қызметкері Гүлвира Нұрабаева.

Бұдан соң балалар клубта өткізілген суретшілер жарысына қатысты.  

Ең үздік сурет авторларына самокаттар мен балаларға арналған жол сөмкелері тапсырылды. Өз өнерлерін көрсеткен жеткіншектер де сыйлықсыз қалған жоқ.

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды