Ақмолалық дәрігер жүрдек пойызда толғағы қысқан әйелді босандырды

Әлеумет
19.06.2024, 12:09

Гүлнар Рүстемова интернатураны аяқтаған соң Көкшетау және Қызылорда облыстарында неонатолог, педиатр болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары-Ақмоладағы аудандық емханада қызметте болды. Медицина қызметкері күні қарсаңында Zakon.kz еліміздегі дәрігерлердің тосын оқиғалары жайлы баяндады.

40 жылға жуық жұмыс істегеннен кейін ол 2024 жылдың маусымында зейнетке шықты. Әйел осы жылдар ішінде емханада ондаған мың баланы қабылдаған. Ал бұл жолы күтпеген жағдайда тағы бір жанды аман алып қалды. Оқиға 2024 жылдың 9 маусымында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүлнар Рүстемова жиенінің туған күніне Қызылорда – Астана пойызымен жолға шыққан. Сол пойызда жүктіліктің 9 айындағы бір әйелде болған..

"Біз пойызға кешке отырғанбыз. Келесі күні түске қарай жолсерік жолаушылардың арасынан дәрігер бар-жоғын сұрастыра бастады. Мен бірден көмекке ұмтылдым. Сүйтсем, бұл әйелдің алғашқы босануы екен. Олардың ауылындағы жедел жәрдем көлігі бұзылып, автобуспен жүру мүмкін болмағандықтан, Жезқазған перзентханасына жету үшін пойызға отырыпты. Алайда түнде оның толғағы басталған", - дейді Гүлнар Рүстемова.

Жүкті әйелді медбике ертіп жүрді. Бірақ босану кезінде медицина қызметкерлеріне жол бойындағы станциялардан тағы екі медбике қосылды. Олар негізінен пойыздың жолаушылары ретінде отырған екен. Осылайша үшеуі босануды тар әрі ауасы тығыз купеде қабылдаған.

"Купеде орын өте аз, әрі ыңғайсыз болды. Біз кезек-кезек импульсті санадық, содан кейін қысым өлшенді. Мен өзім босанғандай күйзеліске ұшырадым. Елестетіп көріңізші, ол қиналып жатыр, біз онымен бірге қиналдық, ол айқайласа біз онымен қоса айқайладық. Қазір күліп еске аламыз, бірақ ол кезде күлетіндей жағдай болмады. Әйел үш жарым сағатта босанды, бұл бірінші босану үшін өте жақсы. Дүниеге ұл бала келді, салмағын мен өз тәжірибемнен анықтадым-шамамен 3 келі. Нәрестені періште қолдады десем де болады, ал анасы-бізді тыңдап, аман-есен босанды. Егер қан кеткенде, соңы немен аяқталарын кім білсін", - дейді Гүлнар Рүстемова.

Дәрігердің сөзінше, купедегі барлық жолаушылар мен жолсеріктер көмектесті. Біреу сүлгілерді, басқалары су мен майлықтарды алып келді, енді бірі моральдық тұрғыдан қолдау көрсетті.

"Бәлкім баланың тағдырына мен және медбикелер барған пойызда дүниеге келу жазылған шығар. Медбикелер де мықты болды, олар көп көмектесті", – деп қосты дәрігер.

Жезқазған станциясында жас ата-аналар мен жаңа туған нәрестені жедел жәрдем күтіп тұрды. Оларды бүкіл вагонның қошеметіне бөленді.

 

Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды