Балалар жазы көңілді

Әлеумет
07.08.2024, 08:53
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей теміржолшыларының мектеп жасындағы балаларының жазғы демалысын сауықтыру лагерьлерінде өткізуді ұйымдастыру ісі биыл нәтижелі өтуде.

Жуырда әлеуметтік пакет шеңберіндегі іс-шаралардың бірі ретінде бөлімше қызметкерлерінің балалары «Кристалл» сауықтыру орталығына аттанды. Демалыс базасында мектеп жасындағы оқушылардың денсаулықтарын нығайтып, уақыттарын мейлінше тиімді өткізулері үшін барлық қолайлы жағдай толық қарастырылған. Қауіпсіздік, теңгерімді тамақтану және демалыс уақыттарын дұрыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Қызғылықты спорттық сайыстарға да орын берілген. Бүгінде желі бойынан жиналған 98 балақай 10 күн бойы жаз қызығын осында өткізіп жатыр.

– Биылғы балалар лагерін ұйымдастыру 10-шы маусымда басталған еді. Содан бергі аралықта 7 жастан 14 жас аралығындағы балақайлар жазғы каникулды тиімді өткізуде. Балаларды Алматы маңындағы «Пионер» отбасылық демалыс шипажайына жіберудеміз. Соңғы лек бойынша тағы 30 балақай 12-шы тамызда оңтүстік астанаға пойызбен аттанбақ. Ал, Семейден 40 шақырым жердегі «Кристаллл» сауықтыру орталығында жуырда тағы 100 баламыз демалып қайтатын болады, – дейді бұл орайда аталмыш шараларды ұйымдастырушы НОД-ЖТ кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгүл Мырзағалиқызы.  

Балаларды Семей станциясының кәсіподақ төрайымы Шәрбат Мейірманова бастаған қызметкерлер бастап апаруда. Қауіпсіздік шаралары толықтай қамтамасыз етілген. Арнайы дәрігер де бекітілген. Жазғы лагерлерді ұйымдастыру ісі бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың тікелей қадағалауында тұрғанын да айта кету керек.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты