Бақытты әйел – бақытты ел

Әлеумет
24.12.2024, 08:41
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

20 желтоқсан күні Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Теміржолшы әйелдер қауымдастығының «Бақытты әйел – бақытты ел» атты алғашқы әйелдер форумы өтті. Форумға «Самұрық-Қазына» АҚ, ҚР Парламент Мәжілісі мен еліміздің барлық өңірлерінен және компанияның орталық аппараты, еншілес ұйымдарынан 100-ден астам әйел қатысты.

Жиынның ашылу салтанатында Ұлттық компанияның аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев сөз сөйлеп, форум жұмысына сәттілік тіледі және бұл басқосу теміржол сияқты күрделі салада ер азаматтармен бірдей иық тіресе жұмыс істеп, үй тірлігінің де, еңбектің де көрігін қыздырып отырған нәзік жандарға жаңа серпіліс, ынтымақ, бірлік, ынталандыру беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ ол теміржол саласындағы әйелдер көшбасшылығын дамытудың маңыздылығы, оларды қолдау мен ілгерілетудегі қауымдастықтың рөлін атап өтті.  

Келесі сөз кезегін алған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Заң қызметінің жетекшісі Александра Смолина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қарақат Әбденге және «Самұрық-Қазына» АҚ дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Сәтжан гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге Мемлекет басшысы аса назар аударып отырғанына тоқталды.  

– Мемлекет басшысы квазимемлекеттік компанияларды басқаруда әйелдердің үлесін 30% арттыру қажеттігін атап өтті. Бірақ бүгінде бұл секторда әйелдер үлесі 12% құрап отыр. Егер саясатқа келсек, қазір Парламенттегі әйелдердің қатысу көрсеткіші 18%-ден 25%-ге жетіп отыр. Алайда, өзге елдермен салыстырғанда бұл төмен көрсеткіш. Ел Үкіметінде әйелдердің қатысуы 13% құрайды. Ал ұлттық компаниялардың басқарушылық қызметінде гендерлік теңдік саясаты тиісті деңгейде жүзеге аспай отыр. Олардағы директорлар кеңесіндегі 140 астам мүшенің тек 17-сі ғана әйелдер. Ал біздің елдегі халық санының 52% әйелдер құрап отыр, – деді депутат Қ. Әбден.

Ал Австралияның ұлттық университетінде Болашақ бағдарламасы бойынша оқып келген Салтанат Сәтжан әңгімесін бұрынғы басшысымен болған диалогтан бастады. Басшысы Салтанатқа оның қаншалықты талантты, білімді, білікті болса да, үлкен басқарушылық лауазымға көтерілмейтінін, оның бір ғана себебі біз патриархалды мемлекетте өмір сүріп жатқанымызды айтқанын жеткізді. Бұдан соң спикер Австралияда оқып, аз уақыт жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болғанын, сонда оларда түйіндеме жібергенде, жұмысқа үміткер жанның жынысы мен жасының көрсетілуіне заңмен тыйым салынғанын айтты. Яғни мұндай қадам адамның жасына немесе жынысына қатысты дискриминацияға ұшырауына жол бермеу мақсатында жасалып отыр деді ол. «Қазір біздің қоғам да гендерлік теңдікке жәй-жәй қадам басып келеді. Бұл мені қуантады», – деді Салтанат Сәтжан.

Әрі қарай спикер қызықты деректерге тоқталды. Компанияның басшылық құрамында әйелдер көп болған сайын компания табысы да арта түсетіні ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр екен. Мәселен, 201 норвегиялық компанияны зерттегенде, директорлар кеңесінде әйелдер көп болған компаниялар үздік қаржылық нәтиже көрсетіп, дау-жанжалдардың төмендеуіне ықпал еткені анықталған. Сонымен қатар Morgan Stanley Capital International рейтінгіндегі алты жыл зерттелген 2 360 компания зерттеулері, Директорлар кеңесінде әйелдер үшін квота жоғары болған компанияларда көшбасшылық қасиеттердің ең жақсы үйлесімділігі, таланттардың кең шеңбері және тәуекелдерді түсінудің кең ауқымдылығы байқалғанын анықтаған. Келесі бір деректе, 3 876 қоғамдық компанияны зерттеу барысында, бақылау кеңестерінде тәуелсіз әйел директорлардың болуы компанияның тиімді жұмысын көрсеткен.  

Ал бақылау кеңестеріне әйелдер кірмеген компаниялардың ROAсы, яғни табыс алу үшін кәсіпорынның активтерін пайдалану тиімділігін көрсететін қаржылық көрсеткішінің төмен болғаны анықталған. Сондай-ақ 151 қоғамдық неміс компанияларының зерттеулері, Директорлар кеңесі құрамына әйелдердің сындарлы үлесін (30%) алғанда ғана компания жоғары өнімділікке қол жеткізетінін анықтаған.  

«Самұрық-Қазына да осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Ол өзінің портфельдік компанияларының да алдына топ-менджментте әйелдер үлесін көбейтуді, яғни 2030 жылға дейін әйелдер үлесінің 30%-тік көрсеткішіне қол жеткізуді көздеп отыр», – деп түйіндеді сөзін Қор өкілі.  

Сонымен қатар пленарлық сессияда «Өзгерістер дәуіріндегі тепе-теңдік. Заманауи әйелдің жолы», «Жұмыс орнындағы психологиялық саулық: қайтіп шаршап-шалдығудан құтылуға, көтеріңкі көңіл күйде қалуға және жүктемемен күресуге болады», «Дәстүрлі ерлер ұжымында әйелдерге қалайша табысты мансапты құруға болады» деген маңызды тақырыптар көтерілді. Спикерлер жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдік, әйелдер көшбасшылығы және кәсіби ортадағы әйелдерді қолдау мәселелерін талқылады. Пікірталас барысында қатысушылар тұрақты және инновациялық теміржол саласын құрудағы әйелдердің рөліне назар аудара отырып, өздерінің табыс тарихымен, ұсыныстарымен және шабыттандыратын мысалдарымен бөлісті.  

Форумды өткізу бастамасы компанияның гендерлік теңдікті ілгерілету, корпоративтік мәдениетті дамыту және барлық қызметкерлер үшін тең мүмкіндіктер жасау жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Теміржол әйелдері қауымдастығы осы саладағы әйелдерді диалог, менторлық және қолдау үшін маңызды алаң болып отыр.  

 

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді