Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Әлеумет
24.11.2025, 09:29
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қоғам тыныштығын шайқап, отбасының жылуын өшіретін, адамның жан дүниесін жаралайтын ең ауыр кеселдің бірі – зорлық-зомбылық. Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырап жататын нәзік жандардың тағдырына араша түсіп, көлеңкелі құбылыстарға қарсы тұру бүгінгі күннің өзекті тақырыбының біріне айналды.  

Қызылорда  бөлімшесінде «Бақытты әйел – бақытты ел» тақырыбында ерекше мазмұндағы шара ұйымдастырылды. Магистральдық желі бөлімшесіндегі «Әйелдер қоғамы» ұйымының төрайымы Гүлзада Жақсылықова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Салтанат Махмутова бастаған белсенді қыз-келіншектер бастамашы болған шара нәзік жандардың сырласу кеші, қоғамда орын алып отырған келеңсіз құбылыстарды айыптап, саналарға сәуле түсірер рухани алаң болғаны анық.  

Басқосуда теміржолшы әйелдер қоғам мен адамзат алдындағы жауапкершілікті, ортадағы сыйластық пен сенімнің қадірі, отбасындағы ынтымақ жайлы кеңінен сұхбат құрып, зорлық-зомбылыққа қарсы үн қату тек шара өткізумен шектелмей, кез келген әлімжеттілікке нөлдік төзімділікпен қарсы тұру, әрекет ету қажеттігі айтылды.  

– Теміржолшылар – тәртіп пен талапқа бағынатын, қызметтік этикасы жоғары адамдар. Сондықтан біздің ортада зорлық-зомбылық фактілері кездеспейді. Ұжым мүшелері арасында да бір-біріне деген сыйластық, жауапкершілік сезімі бәрінен биік, – деп ой бөліскен персонал бөлімінің  басшысы Зәуре Алматова қоғамда болып жатқан кейбір келеңсіз жайттарға немқұрайлы қарамауға шақырды.  

Төретам вокзалының басшысы Меруерт Әбдіраманова жолаушылармен жүргізілетін қауіпсіздік жұмыстарына тоқталды.      

Кездесу барысында жиналған әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы нөлдік төзімділік қалыптастырудың жолдарын талқылап, әрқайсысы өз тәжірибесінен түйген ойларын ортаға салды.

Әйел – отбасының ұясы, жылуы. Әйелдің бақытты болуы – елдің берекесі. Сондықтан «Бақытты әйел – бақытты ел» деген атаудың өзі шараның жүгі мен маңызын айқындап тұрды.

Шара соңында кәсіподақ төрайымы Салтанат Махмутова қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырып, барша әйелдерді зорлық-зомбылықтың алдын алуға, көзжұмбайлыққа салмай, белсенді болуға шақырды.  

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл