Медициналық пойыз 48 станцияны қамтыды

Әлеумет
24.11.2025, 16:25
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы сапарын одан әрі жалғастыруда. Бүгінге дейін пойыз 6 облыстың – Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 48 станциясына аялдады.

Жоба аясында 10 мың баланы қоса алғанда барлығы 32 мың адам пойыздағы медицина мамандарына қаралды, оларға 91 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Соның ішінде стоматологиялық қызметтер, зертханалық зерттеулер, кішігірім хирургиялық оталар, ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер бар. Аурулардың ерте диагностикасы мен дер кезінде емделуіне ерекше назар аударылуда. Қазіргі сәтте жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және балалардың ауруларын қосқанда түрлі дертке шалдыққан 1933 науқас анықталды. 255 баланы қоса алғанда барлық науқастар тұрғылықты жері бойынша емханалардың тұрақты бақылауына алынды.  

Жоба тек диагностикалау үшін ғана емес, сонымен бірге күрделі және төтенше жағдайда шұғыл медициналық көмек көрсетуде де маңызды. Мәселен Жақсы станциясында кардиологқа қаралған науқастың ауруын дер кезінде анықтау арқылы ол бір ажалдан аман қалды. Одан миокарда инфаркті анықталып, дереу ауруханаға жатқызылды.  

Медициналық пойыздың жұмысы әлі де жалғасуда, жылдың соңына дейін Қазақстанның 11 облысындағы тағы 44 станцияны қамту көзделген. Пойыз құрамында педиатр, кардиолог, рентгенолог, хирург және басқаларын қоса алғанда 14 тар бейінді салалық маман бар.

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз