Еңбеккер мүддесі – бірінші орында

Әлеумет
23.05.2025, 09:06
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада «Қазкөліккәсіп» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстандағы теміржолшылар кәсіподағы қозғалысының 120 жылдығына арналған «Бірлікте – күш, тарихта – мақтаныш» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға ҚТЖ басшылығы, ҚР ЖОО қауымдастығының жетекші көлік және техникалық жоғары оқу орны жетекшілері, халықаралық және отандық кәсіподақ ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, сала ардагерлері қатысты.  

Қазақстанда теміржолшылар кәсіподағы қозғалысының тарихы тереңде екенін дәлелдейтін құжаттарды іздеуде кәсіподақ көп жұмыс атқарып, еліміздің ғана емес, шетелдердің архивтеріне хатпен сұрау салды. Табанды еңбек нәтижесінде және Ресей тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы мен Ресей теміржолы және көлік құрылысшылары кәсіподағы, Теміржолшылар кәсіподағы халықаралық конфедерациясындағы әріптестердің көмегімен Қазақстанда 1905 жылы көктемде бұрынғы Перовск, қазіргі Қызылорда, Қазалы, Түркістан, Ақтөбеде кәсіподақ қозғалысының бастау алғаны туралы архив анықтамасы табылды. Конференцияда осы мерейтойға орай елдегі кәсіподақ жұмысының даму тарихы, кезеңдері мен өркендеу жолдары сөз болды.  

– 2025 жыл – еліміздің кәсіподақ қозғалысы үшін мерейтой жылы. 120 жыл бұрын әртүрлі еңбек ұжымдарының кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауға, жұмысшылар мен қызметкерлер қатарында бірлікті сақтауға, мемлекет, жұмыс беруші, жұмысшылар мен қызметкерлер арасындағы тұрақты және үйлесімді қарым-қатынасты сақтауға мүмкіндік беретін процестің негізі қаланды. Кәсіподақтың даму тарихына кейін орала отырып ұйымның ең алғашқы жұмысы басталған сәттен бері адамдардың еңбек жағдайы бойынша маңызды мәселелерді шешу үшін кәсіподақ атқарушы органдар және жұмыс берушілермен конструктивті диалог жүргізгенін атап өту керек. Қазақстанның болат магистралі сияқты кәсіподақ атауы да, құрылымы да түрлі өзгерістерге ұшырады. Соған қарамастан кәсіподақ мақсатты және жоспарлы түрде саланың мыңдаған еңбеккерлерінің мүддесін қорғады. 120 жыл бұрын қалыптасқан дәстүрлі құндылықтарды, сындарлы диалогқа деген ұмтылысты сақтай отырып, кәсіподақ еңбек дауларын реттеуге атсалысып, теміржол жұмысын тоқтатуға жол бермеді. Кез келген жағдайда нақты мүмкіндіктер мен еңбек ұжымдарында қалыпты психологиялық климат құру әрқашан бірінші орынға қойылды, – деді конференцияның ашылу салтанатында «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев.

Жиында кәсіподақтың қалыптасуы мен даму жылдарында пайда болған мықты көшбасшылар мен белсенділердің есімдері атап өтілді, олардың кәсібилігі, жауапты еңбегінің арқасында кәсіподақ ұйымы нығайып, дамығаны сөз болды. Салалық кәсіподақ пен теміржол тарихын жасауға ардагерлер, кәсіподақ басшылары мен мамандары Борис Шубин, Сермұхамбет Есеекев, Иван Лашин, Амангелді Байжұманов, Людмила Закина, Әділкерім Байшапанов, Амангелді Исин, Галина Саятова, Кенжехан Өсімбеков, Балтасапар Ибрагимов, Қазбек Рахметов, Кеңесбай Әбенов, Дулат Серіков, Евгений Мелихов, Талғатбек Спанов, Валерий Сидельников, көптеген басқа кәсіподақ жетекшілері мен белсенділері атсалысты.  

– Жылдар өтіп жатыр, бірақ салалық кәсіподақ жұмысының негізгі қағидаттары мен бағыттары өзгеріссіз қалды. Қазіргі таңда да қызметкерлердің, сала ардагерлерінің еңбек құқықтары мен әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, заң шығару қызметі, ұйымдық, консультациялық, құқықтық және материалдық көмек көрсету, еңбекті қорғау мәселелерін шешу, еңбек жанжалдарын шешу, қайырымдылық, спортты дамыту, оқыту, жастар саясаты, халықаралық ынтымақтастық және тағы басқа жұмыстар жалғасын табуда. Кәсіподақтың салмақты, объективті ұстанымы өз жемісін берді. Бүгінде Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіподағы экономиканың ең стратегиялық маңызды салаларының бірі – темір жолдың 100 мың қызметкерін біріктіретін ірі, беделді ұйымға айналды, – деді Оразғали Ахметбаев.  

Бүгінгі таңда бірлестік құрылымына 12 филиал, 5 өкілдік, 15 жергілікті кәсіподақ, үш жүзден астам бастауыш кәсіподақ ұйымдары кіреді. Салалық келісімде және ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелер мен кепілдіктерді дәйекті іске асыру теміржол көлігінің тұрақты жұмысын сақтауға мүмкіндік береді. Кәсіподақтың «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығымен, оның еншілес ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасы тең құқылы әлеуметтік әріптестік қағидаты бойынша құрылады. Бүгінде «Қазкөліккәсіп» ҚБ Халықаралық теміржолшылар кәсіподақтары конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясы құрылтайшыларының бірі болып табылады, ал 2016 жылдан бастап Халықаралық көлік федерациясының (ITF) мүшелік ұйымына айналды.  

Конференцияда одан әрі ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінекеев, ҚР Көлік министрлігі темір жол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы Серік Кеулімжаев, Лондоннан келген Халықаралық көлік федерациясы және Чехия, Ресей, Грузия, Қырғызстан теміржол салалық кәсіподақтарының өкілдері сөз сөйлеп, «Қазкөліккәсіп» ҚБ-ның және жалпы кәсіподақтың теміржол саласын дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.

 

Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды
Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады