«Мыңбала» мереке құшағында

Әлеумет
02.06.2025, 11:46
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай теміржолшылардың балаларына ерекше тосын сый жасады.

Тараз қаласындағы «Mynbala» ойын-сауық орталығының алдында арнайы шақырылған аниматорлар балғындарға шоу көрсетіп, естен кетпес қуаныш сыйлады. Жарты сағаттық мерекелік бағдарламада бүлдіршіндер өздері сүйіп тамашалайтын мульфильмдердің кейіпкерлерімен бірге би билеп, ән шырқады.  

Бұдан кейін жас жеткіншектер «Mynbala» орталығына кіріп, кешке дейін ойынның қызығына батты. 700-ге жуық балаға кәсіподақ ұйымы тегін тәттілер үлестіріп, балмұздақ таратты.  

– Жалпы бөлімшеге қарасты құрылымдарды есепке алғанда 1100 баланы қамтыдық. Бүгін 660 бала келді. Ойын-сауық орталығына арналған билет осы айдың аяғына дейін жарамды. Ата-аналары жұмыстан қолы босаған кезде осында балаларын алып келіп қыдырта алады, – дейді кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Наурызбаев.

«Mynbala» орталығында түрлі ойын алаңдары көп. Сырғанақ та, түгелдей айнамен қапталған сиқырлы бөлме де, құм төселген ойын бұрышы да, ойыншық та жеткілікті. Балғындар кешке дейін алаңсыз ойын ойнап, жаңа таныс тауып, бір-бірімен достасып жатты.

Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады
Аймақтар
17.07.2026
Семей магистральдық желі бөлімшесі жартыжылдықты табысты қорытындылады
Аймақтар
17.07.2026
Сексеуіл теміржол торабында жүк тиеу жоспары асыра орындалды
Аймақтар
17.07.2026
Ганюшкинодағы жаңа вокзал қызметкерлерін Атырау телімінің басшылығы құттықтады
Жаңалықтар
17.07.2026
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ұжымына жаңа Конституцияның ережелері түсіндірілді
ҚТЖ келбеті
17.07.2026
Дарақ бір жерден көгереді
Қауіпсіздік
17.07.2026
Ақтөбе станциясында күйдіргіге қарсы оқу-жаттығу өтті
Спорт
17.07.2026
Аядай бекеттегі Азия чемпионы
Жаңалықтар / Мұрағат
17.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №54 17 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
16.07.2026
Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды
Жаңалықтар
16.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойыздары Ақмола және Павлодар облыстарындағы дала өрттерін сөндіруге қатысты
Аймақтар
16.07.2026
Еңбек процесін оңтайландырған жоба
Жолаушылар тасымалы
16.07.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» бағыты бойынша жолаушылар пойызын іске қосады
Жүк тасымалы
16.07.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі 9%-ға артты
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді