«Тең қоғам» темір жолда да өзекті

Әлеумет
05.06.2025, 12:27
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Шымкент қаласында «Ten qogam» әлеуметтік қолдау орталығында өткен жәрмеңкеге 30-дан аса жұмыс беруші қатысып, 450-ге жуық бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың қатарында әлеуметтік жауапкершілік қағидасын ұстанған аймақтық теміржол әкімшілігі де бар.

Биыл Шымкентте 49 679 азаматты жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланған. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің дерегінше, осы жылы 1 120 мүгедектігі бар азаматты жұмысқа тарту көзделіп отыр. Әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі таңда осы санаттағы 354 адам жұмыспен қамтылған. Ал Ұлттық компанияның Шымкенттегі магистральдық желі бөлімшесі осы күндері мүмкіндігі шектелген 21 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып, олардың тұрмыс-тауқыметінің жеңілдеуіне септесіп келеді.

Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімі ұсынған деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша теміржол шаруашылығы бойынша қызмет көрсететін мекемелерде 1 959 адам қызмет етеді. Жоғарыдағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне НЖС-тің кадр мамандары қатысқан. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, олардың еңбек нарығына қолжетімділігін арттыру болып табылады. Жалпы, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің мамандары мұндай жиын-шараларға жиі қатысып тұратын көрінеді. Соның нәтижесінде өткен жылы облыс аумағы бойынша орналасқан теміржол мекемелеріне ондаған мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа қабылданып, бүгінде олар қалыпты жағдайда жұрт қатарлы қызмет етіп келеді.

– Бүгінде біздің бөлімшеге қарасты түрлі кәсіпорындарда 21 маманымыздың мүмкіндігі шектеулі болса да, еңбекке қабілетті азамат ретінде қатар жүріп келеді. Әкімдік ұйымдастырған жұмысшылар жәрмеңкесіне қатысу арқылы біз өз қатарымызды осындай азаматтармен толықтырдық. Себебі мемлекеттік бағдарлама аясында үкімет қолдап, өңірлердегі атқарушы билік тармақтары арқылы іске асырылып жатқан мұндай жобаға Ұлттық компанияның үлес қосу қажеттігі жайында жоғарыдан тапсырма түскен болатын, – дейді Шымкент магистральдық желі бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы Балжан Назарова.

Оның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік бағдарламаға сай, Ұлттық компания тарапынан бекітіліп берілген тапсырма толық іске асырылған. НЖС-ке тиесілі мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту лимиті де толық орындалған. Бұл ретте үміткердің физиологиялық жағдайы мен психологиялық қарым-қабілетіне айрықша назар аударылатынын ескерген жөн. Сондай санатпен жұмысқа қабылданған азаматтардың бірі ПЧ-53 мекемесінде жұмыс істейді. Ол бүгінде ІІІ топ санатына енетін мүмкіндігі шектеулі азамат ретінде наурыз айынан бері Шымкент жол дистанциясында жол шебері лауазымын атқаруда.    

Жалпы, жәрмеңкеге 60-қа жуық мүгедектігі бар азамат қатысып, нәтижесінде 1 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. 12 адам сұхбаттасуға жолдама алып, 1 адам жастар практикасына, 1 адам қоғамдық жұмысқа, 3 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына қатысуға ниет білдірген. Шымкент қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» мен «Amanat» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өткен іс-шарада жұмыс іздеушілерге «Күміс жас», «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» бағдарламалары бойынша да уақытша жұмыс орындары ұсынылған.

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды