“Саламатты Қазақстан” пойызы Атырау облысында мыңдаған адамға қызмет көрсетуде

Әлеумет
16.06.2025, 11:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Атырауға ат басын тіреп, қызметін Ганюшкино станциясынан бастады. Мұнда олар бір күнде мыңға жуық адамға тегін мединалық көмек көрсетсе, бригада құрамындағы медиаторлар мен заңгерлер тұрғындарға құқықтық кеңестер берді.  

Жылжымалы құрамда сегіз вагонның төртеуі медициналық вагондар, онда әр түрлі медициналық құралдар мен дәрігер-мамандар бөлмесі, мамандар демалатын екі  купе вагон, вагон-мейрамхана және техникалық вагон бар. Купе-вагондарда ауа салқындатқыш, сондай-ақ пойызда душ, кір жуатын машина, тоңазытқыш қойылып, дәрігерлердің жұмыс істеуіне және демалуына барлық қолайлы жағдай жасалған.

Медицина пойызының аға дәрігері Әсемгүл Саханованың айтуынша, «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының көшпелі бригадалары соңғы бес-алты күнде Ганюшкино, Исатай, Нарын, Аққыстау станцияларының тұрғындарын қабылдап, қызмет көрсетті. Пойыздың құрамында 27 маман - медицина қызметкерлері және медиаторлар мен заңгерлер де бар. Медициналық пойыз кабинеттер ретінде жабдықталған және диагностикалық тексеруге және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті заманауи медициналық жабдықтармен: ЭКГ, УДЗ аппараты, эндоскопиялық жабдық, гематологиялық және биохимиялық анализатор, Мерлин ультрадыбыстық сканері, флюорограф, гастрофиброскоп және басқалармен жарақталған 4 вагоннан тұрады. Дәрігерлер қатарында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы тәжірибелік дәрігер, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, педиатр, онколог-маммолог, гинеколог және урологн бар, барлығы 17 кабинет. Қажеттілікке қарай, мамандар кішігірім ота жасау қызметтерін көрсетіп, жоспарлы емдеуге жолдама береді.

«Осы күндер ішінде мыңдаған адам қаралды. Атыраулықтардың көп ауыратыны – тері аурулары екен, яғни дермотологиялық, псориазбен ауыратындар басым. Сосын аллергия, іш құрылысы аурулары, өтте тас жиналып қалу, бүйрек ауруы, көбінде қалқанша без үлкейіп кеткен (зоб), қант диабетімен ауыратындар үлкенде де, балаларда да баршылық. Буын аурулары да негізгі аурулардың бірі. Мұның бәрі әрине алдымен дұрыс тамақтанбау және өңірдегі экологияның нашарлығына да байланысты», - дейді аға дәрігер.  

Атырауға маусымның 6-да келген медициналық пойыз аймақта айдың ортасына дейін болады. Ганюшкино-Афанасьево, Исатай-Нарын, Аққыстау, Тұманды станцияларынан кейін Жамансор, Мұқыр, ең соңында маусымның 17-20 күндері Сағыз станциясында болады.    

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты