Медициналық пойыз БҚО-да 7 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетті

Әлеумет
14.07.2025, 12:50
Қазақстан теміржолшысы

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Теректі ауданының Алғабас станциясына келді. Бұл Батыс Қазақстан облысы бойынша пойыз маршрутындағы соңғы станция, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Медициналық пойыз Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек, Шыңғырлау, Тасқала және Теректі аудандарының 7 теміржол станциясында болды, онда 7,5 мыңға жуық тұрғын тұрады.

Алғабас станциясындағы жұмыстың басталуы пойыз ұжымының, ауыл тұрғындарының, жергілікті билік органдары мен жұртшылық өкілдерінің кездесуі болды.

Пойыздың аға дәрігері А. Ж. Саханова мен поезд медиаторы Ш. Шалғазина ауыл тұрғындарына мобилдік кешеннің жұмыс істеу механизмін және олар пойыз мамандарының көмегімен медициналық және басқа да қызметтер тізбесінен нақты не ала алатынын түсіндірді.

Медициналық пойыз Алғабас станциясының тұрғындарына қызмет көрсетіп болған соң Ақтөбе облысының аумағы бойынша өз бағытын жалғастырады.

20 мың шақырымнан астам жол «дөңгелектегі емхана» арқылы өтіп, 123 шалғайдағы ауыл мен станцияның тұрғындарына медициналық көмек көрсетуі тиіс.

Жылжымалы медициналық бригаданың құрамына 36 білікті дәрігер, сондай-ақ медиатор мен заңгер кірді.

Бұл терапевттер, хирургтар, педиатрлар, невропатологтар, рентгенологтар, кардиологтар, стоматологтар, офтальмологтар, отоларингологтар, онколог-маммологтар, гинекологтар және урологтар.

Дәрігерлер алғашқы қарап-тексеру қызметтерін ұсынады, сонымен қатар қажет болған жағдайда кішігірім хирургиялық операциялар жасайды.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы жыл сайын «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің әріптестігі шеңберінде іске асырылады.

 

Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді