Берсең – балаға бер

Әлеумет
26.08.2025, 09:50
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазір мектеп жасында балалары бар отбасылардың шаңырақтарында қызу қарбалас. Балаларға оқушы киімін алу, оқу құралдарын түгендеу, жаңарту, тағысын тағы қыруар тірлік. Осыған орай теміржол мекемелері де теміржолшы отбасыларына көмек ұйымдастыруда. Соның бірі – «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы.

Оған Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелері де белсенді атсалысып жатыр. «Қуантсаң – баланы қуант. Берсең – балаға бер» демекші, жыл сайын дәстүрлi түрде ұйымдастырылатын шара өңірде биыл да өткізілді. Акцияның мақсаты – көп балалары бар және аз қамтылған отбасыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармай қалуын болдырмау. Оның ішінде «Рюкзак» акциясы бойынша биыл НОД-13 – 8, ал НЖС бойынша 43 балаға дәптерден бастап қаламсап, қарындаш, бояу түрлері, сурет салғыш, т.б. оқу-құралдарына толы сөмке беріліпті. Сондай-ақ 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық шартқа сәйкес мектеп жасындағы 3 баласы бар ата-аналар мен мектепте 2 баласы оқитын жалғызбасты ата-анаға Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бойынша барлығы 1234, магистральдық желі бойынша 931 оқушыға 4 АЕК көлемінде қаражат бөлініп, табыс етілген.  

Сонымен қатар кәсіподақ тарапынан да аз қамтылған және көп балалы теміржолшылардың, оның ішінде вагонқұрастырушылар, жүк қабылдап-жөнелтушілер, операторлар мен тауар кассирлері, жолшылар, пойыз диспетчерлері, локомотившілер, т.б. қарапайым жұмысшылардың балаларына мектеп құралдары берілді. Ол НОД бойынша 65 бала болса, НЖС бойынша 157 бала. Оқу құралдарын алған балалардың қуанышында шек жоқ, тек сабағын жақсы оқыса, нұр үстіне нұр.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады