«Саламатты Қазақстан» пойызы Алтай ауданына келді

Әлеумет
19.09.2025, 16:38
Сурет: Altainews.kz

Алтай ауданы тұрғындары үшін қуанышты жаңалық – «Саламатты Қазақстан» пойызы Серебрянск қаласына қарасты Күмістау станциясына келіп тоқтады. Бұл әлеуметтік жоба Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Altainews.kz сайтының мәлімдеуінше, 18-19 қыркүйек күндері Серебрянск қаласының және маңайдағы ауылдар мен кенттердің тұрғындары сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейтін медициналық және құқықтық кеңестерді тегін ала алады.

Қабылдау жүргізетін мамандар – терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР, хирург, уролог, маммолог, педиатр, сондай-ақ психолог, заңгер, медиатор.

Қабылдау барысында ультрадыбыстық зерттеу, қан қысымын өлшеу, экспресс-диагностика жүргізіліп, қажет кеңестер мен ұсыныстар беріледі. 

Пойызды қарсы алу рәсімі Күмістау станциясында өтті. Іс-шараға Серебрянск қаласының әкімі Нұргүл Бақынова және ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Инна Коломиец қатысты. Олар медициналық пойыздың мамандарына және ұйымдастырушыларға алғыс айтып, сәтті жұмыс тіледі.

– «Денсаулық пойызы» – жай ғана медициналық жоба емес, азаматтарымызға шынайы қолдау. Әсіресе уақытылы дәрігерге көріне алмай жүргендер үшін үлкен мүмкіндік. Мұндай бастамалар халықтың денсаулығын нығайтуға, құқықтық сауатын арттыруға және қоғамдағы бірлікті күшейтуге сеп болады, – деді қала әкімі Нұргүл Бақынова.

Қала тұрғындары пойызды жылы қарсы алып, алғыс білдірді. Әсіресе зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар мен жас аналар үшін бұл жоба үлкен көмек болды.

– Мен «Денсаулық пойызына» бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Осы жобаның арқасында уақытылы тексеруден өтіп, құнды кеңестер алдым. Осындай мүмкіндік үшін көп рақмет! Жыл сайын келіп тұрса екен, – дейді Серебрянск тұрғыны Оксана Скоснягина.

«Саламатты Қазақстан» пойызы Алтай ауданының өзге елді мекендеріне де атбасын бұрып, сол жердің тұрғындарына да тегін көмек көрсетуді жалғастырады.

Жолаушылар тасымалы
10.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы Алматы бағытында миллионға жуық жолаушы тасымалдады
Аймақтар
10.07.2026
Теміртау вокзалында жолаушылар платформасын жаңғырту жұмыстары аяқталды
Аймақтар
10.07.2026
Құсмұрын станциясында "Қауіпсіз өткел" акциясы өтті
Жүк тасымалы
10.07.2026
Вагон өндірісінен экспортқа дейін: «Қазтеміртранс» жоспары
Сұхбат
10.07.2026
Жүк тасымалы – экономиканың сенімді даму бағыты
ҚТЖ келбеті
10.07.2026
Сайөтесте вагон қараушы апатқа жол бермеді
Жаңалықтар
10.07.2026
ҚТЖ-да жас мамандарға арналған тәлімгерлік жүйе қайта жандануда
Қауіпсіздік
10.07.2026
Өткелден өтудің өз ережесі бар
Жаңалықтар
10.07.2026
Қазақстанның транзиттік әлеуеті халықаралық деректі фильмде көрсетілді
Қауіпсіздік
10.07.2026
Қауіпті аймақта қатер көп...
Жаңалықтар / Мұрағат
10.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №52 10 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ теміржол бағыттамаларын жоспарлы түрде жаңартып жатыр
Әлемде
09.07.2026
Ұлыбританияда алғашқы экологиялық таза вокзал ашылды
Жүк тасымалы
09.07.2026
Қысқа дайындық: ҚТЖ көмір тасымалдайтын вагондарды жаппай әзірлеуде
Жаңалықтар
09.07.2026
Елімізде астық экспорты 13%-ға артты
Аймақтар
09.07.2026
«Сарыағаш» теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары тамыз айында аяқталады
Жаңалықтар
09.07.2026
ҚТЖ паркі маусым айында 50 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.07.2026
Алматы-1 теміржол вокзалын қайта құруға 500-ден астам жұмысшы тартылды
Әлемде
08.07.2026
Армения Түркия және Әзербайжан шекараларына апаратын теміржол желілерін қалпына келтіре бастады
Жаңалықтар
08.07.2026
Тәртіп сақшылары балаларды теміржол бойында абай болуға шақырды