Үздік еңбек әулеті

Әлеумет
24.10.2025, 09:08
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түбек теміржолымен өмір жолы қатар өрілген Көктеубаевтар әулеті «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңінде жеңіске жетіп, «Үздік еңбек әулеті» атанды.

Облыстық байқау қорытындысына сәйкес бірінші орынды иемденген Көктеубаевтар енді республикалық кезеңде бақ сынайды. Әулеттің саладағы жалпы еңбек өтілі – 252 жыл. Теміржолшылар династиясының бүгінде үшінші буыны теміржолда жұмыс істейді.  

Түбек теміржолының іргесін қалаушылардың бірі Болат Көктеубаев пен жұбайы Қамқа Көктеубаевадан тараған бұл әулеттен бүгінге дейін 14 теміржолшы шыққан. Солардың бірі – бүгінде Маңғыстау станциясының парк кезекшісі Құндыз Сәмиева. Өрімдей жас кезінде, 1982 жылы темір жолға келген қаршадай қыз содан бері абыроймен еңбек етіп келеді. Соңғы жиырма жылдан бері станциядан Ақтау порты, Болашақ, Құрық, Жаңаөзен бағыттарына пойыздар жіберіп, тұйықтарға тапсыру сияқты маневрлік жұмыстарды атқарады.  

Одан кейінгі буыннан жас болса да өз ортасына танылып үлгерген Маңғыстау жол дистанциясының бас инженері Марлен Көктеубаевты айта аламыз. Өзі жол монтері болып еңбек жолын бастаған дистанцияға бас-аяғы он-он бес жылда бас инженер болған ол жол бригадирі, жол шебері, еңбек қорғау инженері, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің техникалық бөлімінің инженері, жол бөлімінің инженері, басшысы болып, тәжірибе жинап үлгерген білімді азамат.

– Атам мен әжем 1967 жылы осы түбекте еңбек жолдарын бастаған екен. Содан бері теміржолшы біздің ата кәсібімізге айналды, – дейді Марлен.

Әсет Көктеубаев – Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімінде аға криминалист. Ол – қазір темір жолдағы қауіпсіздікті қадағалап, түрлі қылмысты ашу және алдын алу, болдырмау бағытында қызмет атқарып жүрген жас.  

Еске сала кетсек, «Еңбек жолы» байқауы жыл сайын екі кезеңде – өңірлік және республикалық деңгейде үш номинация бойынша өткізіледі: «Үздік еңбек әулеттері»; «Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері»; «Өндірістің үздік жас қызметкері». Көктеубаевтар «Үздік еңбек әулеттері» номинациясы бойынша жеңіске жетті.  

Республикалық кезеңнің жеңімпаздарын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы республикалық комиссия анықтайды. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты Жұмысшы мамандықтар жылының жабылуына орай желтоқсан айында өткізіледі.  

 

Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды