Бейнеу ауданында жаңа спорт кешені салынады: Әкімдік пен кәсіподақ өзара меморандумға қол қойды

Әлеумет
20.11.2025, 15:05

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев пен «Қазақстан теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Ғафу Несіпбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл теміржолшылар мен олардың отбасылары және Бейнеу ауылының тұрғындары үшін дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы жұмысты дамытуға арналған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аталған құжат аясында Бейнеу ауылында жабық спорт кешені салынады. Жаңа нысан теміржол саласы қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне және ауыл тұрғындарына қолжетімді болып, бұқаралық спортпен айналысуға жағдай жасайды.

«Біздің мақсат – аудан тұрғындары мен теміржол кәсіпорындары қызметкерлеріне қолайлы орта қалыптастыру. Салынатын спорттық кешен адамдардың денсаулығын нығайтып, отбасымен бірге уақыт өткізуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ ауылдағы спорттық салтты көтеруге ықпал етеді», – деді Бейнеу ауданының әкімі Рахымжан Шалбаев.

Кәсіподақ төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев теміржолшылардың еңбек құқықтарын қорғаумен бірге, олардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту да маңызды екеніне тоқталды.

«Спортқа салынған инвестиция – бұл теміржолшылардың болашағына салынған инвестиция. Соңғы жылдары Кәсіподақ Атырау, Көкшетау, Екібастұз, Мақат, Павлодар, Орал және Ақтөбе қалаларында спорт алаңдарын қаржыландырып салды. Бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», – деп атап өтті ол.

Меморандумға сәйкес, әкімдік жаңа нысанға жер телімін бөліп, құрылысы аяқталған соң спорт кешенін балансқа қабылдайды және оның толыққанды жұмыс істеуі мен күтімін қамтамасыз етеді. Ал кәсіподақ спорттық ғимараттың құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізіп, кейін әкімдікке тапсырады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы бұл қадам Бейнеу ауданында спорттық белсенділікті арттыруға, түрлі жарыстар мен мәдени-спорттық шараларды ұйымдастыруға жағдай жасайтыны сөзсіз. Кешен теміржолшылардың ғана емес, бүкіл аудан тұрғындарының басын біріктіретін, салауатты өмір салтын дәріптейтін маңызды орталыққа айналмақ.

Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды
Әлемде
02.09.2026
Қытайдың CRRC компаниясы шығарған пойыз Румынияда жолаушы тасымалдай бастады
Трансформация
02.09.2026
Мемлекет басшысы Еуразияның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруды ұсынды
Аймақтар
01.09.2026
Жетісу облысында Достық вокзалы жаңарту жұмыстарынан кейін қайта ашылды