Қызыққа толы каникул

Әлеумет
09.01.2026, 08:23
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ қолдауымен қысқы каникулда теміржолшылардың 70 жуық баласының Астанаға саяхаты ұйымдастырылып, олар төрт күн бойы елорданың түрлі көрнекі орындарын аралады.

Еліміздің барлық өңірінен келген 7-11 жас аралығындағы балалардың жол билеті, тамағы, қонақүйде жатуы, түрлі нысандарға қыдыруы, сыйлықтар алу және тағы басқа шығынын кәсіподақ ұйымы көтерді. Топтарға бөлінген балалар Астанада «Бәйтерек» монументіне, Ұлттық музейге, ҚТЖ бас ғимаратындағы музей мен Қысқы баққа, Мұхитаралға барды. Сонымен қатар қонақүй залында оларға түрлі шоу бағдарламалар ұйымдастырылды. Соңғы күнінде балаларға өз қолымен жаңажылдық сыйлықтар тарту еткен «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев оларды жаңа жылымен құттықтады.  

– Жылына 2 рет теміржолшылардың балаларын осылай Астанаға алдырып, демалысты ұйымдастыру дәстүрге айналған. Енді мұндай саяхат жазда басқа балалар үшін өткізіледі. Елорданың ең көрнекі орындарын аралатып, теміржол ғимаратымен таныстырамыз. Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін, сабақты жақсы оқып, ата-анаңыздың үмітін ақтаңыздар, – деді ол.

Жаңа Семей станциясының тасымал құжаттарын өңдеу операторы, әрі кәсіподақ өкілі Айнұр Ақшабарованың айтуынша, 4-7 қаңтар аралығында өтетін демалысқа өңірден 7 бала әкелген. Олардың бәрі де көп балалы отбасынан шыққан. Солардың бірі Дина Қайратқызы – семейлік машинистің қызы.  

– Үйде 5 баламыз, мен төртіншімін. Әкем көп жылдан бері ҚТЖ-да еңбек етеді. Астанаға үшінші рет келіп тұрмын, ал темір жол арқылы бірінші рет келуім. Қысқы каникулымыз өте қызықты өтіп жатыр. «Бәйтерекке» бардық, 105 метр биіктікке көтеріліп, суретке түстік. ҚТЖ музейінде түрлі қызықты ескі дүниелер бар екен, көне паровоздар, суреттер, басқа да жәдігерлер. Қонақ үйде біз пицца жасаудан шеберлік сабағына қатыстық, демалысымды осылай қызықты өткізуіме мүмкіндік берген әкемнің ұжымына, ҚТЖ-ға алғыс білдіремін, – деді Дина.  

 

Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз