Әлеуметтік әріптес

Әлеумет
03.02.2026, 08:25
Сурет: колледж
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Құрылғанына 45 жыл болған Павлодар қаласындағы Жоғары электроника және коммуникация колледжі осы уақыт аралығында теміржол саласы үшін өндіріске 10 мыңнан астам орта буын мамандар дайындаған.

Олар – локомотив, вагон шаруашылықтары, тасымалдауды ұйымдастыру, сигнал беру, орталықтандыру және бұғаттау жүйесі, сондай-ақ жол құрылысы мамандары. Ал Павлодар магистральдық желі бөлімшесі колледж студенттеріне теміржол бейіні бойынша қамқоршы ұйым ретінде бас әлеуметтік әріптес болып отыр.

Балалар үйінің 8-9 сынып оқушыларын әлеуметтік қолдауға бағытталған «Samruk Úmiti» жобасы шеңберінде аталған колледжде ата-анасынан айрылған жетім балалар да оқиды. Мамандық алып шыққан соң олар «Samruk-Kazyna» портфельдік компанияларына жұмысқа орналасумен қамтамасыз етілмек.

– «Samruk Úmiti» жобасы аясында әлеуметтік бастама іске асырылып отыр. Осы жоба аясында Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәлімгер ретінде бекітіліп, оларға мамандыққа бейімделуге көмектеседі.  

Мақсат – жетім балаларға кәсіби бағдар беріп, мамандық таңдауға және әрі қарай тәуелсіз өмір сүруге көмектесу. Жасөспірімдерге кәсіптік бағдар беру мен мансаптық кеңес беруден бастап колледжге түсу немесе одан әрі жұмысқа орналасу кезінде практикалық дайындық пен қолдауға дейін сүйемелдеу жасалады, – дейді Павлодар магистральдық желі бөлімшесінің директоры Болат Баймағамбетов.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады