Рамазан – мейірім айы

Әлеумет
25.02.2026, 15:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің жастары теміржол бойындағы қарбалас тіршіліктен қолдары қалт еткен уақытты сәтімен пайдаланып, «Жүректен – жүрекке» қайырымдылық акциясын өткізді.    

Рамазан айының рухани тынысы мен қасиетті жұманың шапағаты жас теміржолшылардың жүрек жылумен үндесіп, мешіттегі имамның нұсқауымен екі отбасына көмек көрсетті.  

Бұл жоспар үшін емес, есеп үшін емес, жүректің қалауымен жасалған қадам еді.

Бірі қалтасындағы қаржысын әкеліп қосты. Тағы бірі қаппен Сырдың аппақ күрішін жеткізді. Енді бірі тәттіге толы себет ұстап келді. Ниеті бір, адамға деген қамқорлық пен қайырым.    

Қайырымдылық жәшігіне түскен әрбір тиын, жиналған азық-түлік есеппен жұмсалып, мұқтаж жандарға жеткізілді. Бірнеше шаңыраққа жылу сыйлап, жанарлардан қуаныш көріп, алғысқа кенелген жастардың мақсаты орындалды.  

Осыған дейін де талай отбасының уайымын бөлісіп, мұқтаж жандарға қолдау білдіріп келген жастар кішкентай көмектің өзі үлкен үміт сыйлайтынын сезіне алады. Ал айлардың сұлтаны Рамазанды мейірім мен қайырым мерекесіне айналдырып сауапқа кенелу оларды ерекше қуанышқа кенелтті.    

– «Жақсылық жасайық» деген қарапайым ой бәрімізді бір арнаға тоғыстырды. Әріптесіміз Аружан Мұхтар ұсыныс тастап, оны бөлімше жастары бір кісідей қолдады. Егер жасаған ісіміз бір шаңыраққа демеу болса, мақсатымыздың орындалғаны, – деді қызылордалық теміржолшы жастар атынан инженер Арман Жиенбаев.

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды