Салт-дәстүр төрге озған күн

Әлеумет
27.03.2026, 09:03
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Күн мен түн теңескен Ұлыстың ұлы күні де келіп жетті. Әз Наурыз мейрамын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен оның филиалдары, құрылымдық бөлімшелер, еншілес ұйымдары Наурызнама онкүндігі шеңберінде әрбір күнге ерекше мән беріп, жоғары деңгейде атап өтті.

Өткен жұма күні Магистральдық желі дирекциясына қарасты әрбір департамент қазақтың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрлерінен қойылымдар қойды. ЦЖСФ, ЦЖСИнвест департаменттері қазақ халқының қыстан аман-есен шығып, көктеммен қауышатын, бір-бірімен көрісіп, жаңа жылды береке-бірлікпен бастайтын дәстүрлі мейрамы Көрісу күнін ұлықтады. ЦЖСБТ сұлулықтың символына айналған Қыз Жібек фильмінен сахналық қойылым қойып, қазақ қыздарына тән ибалылық, әдеп, даналық, мейірім, ізеттік сынды көркем қасиеттерін көрсетті.  

ЦЖСЗис, ЦЖСВ, ЦЖСГО департаменті қазақтың баспанасы киіз үй тарихы, оны дұрыстап құру, іші-сыртын безендіру, текемет ілу, тағысын тағы бағалы асай-мүсейлермен жабдықтау өнерін паш етті. ЦШ департаменті қазақ халқының ежелгі, өте мәртебелі дәстүрінің бірінен саналатын Құда түсу өнерін жаңғыртты. Жігіт жағы қыздың ауылына арнайы барып, құдалық кәделер рәсімін жасады. Екі жақ танысып, мың жылдық құда болуға уәделесіп, төс қағыстырды.  

Құда түсу салтын ЦЖСАктив, ЦЖСВП, ЦЖСБ департаменттері Сырға салу дәстүрімен жалғастырып әкетті. Сырға салу – қазақ халқының қыз ұзату мен құдалық дәстүрінің маңызды бөлігі. Бұл жөн-жоралғы екі жастың атастырылғанын білдіреді. Жігіт жақтан келген құдағилар қалыңдықты көріп, көрімдігін беріп, құлағына алтын сырға тақты. «Бақытты болсын», «Ұрпақтары өсіп-өнсін», «Екі жаққа да құтты болсын» деген баталы сөздер айтылды.  

Ал ЦЖСЭ, ЦЖСТП, ЦЖСРиск департаменттері қазақ халқының қыз баланы жаңа әулетке аттандыратын, ата-ананың ақ батасымен, ағайынның ризалығымен өтетін салтанатты, ең көне салт-дәстүрлерінің бірі Қыз ұзатудан көрініс қойды. Бұл рәсімде қыз сыңсу айтып, қоштасып, қыз жасауы беріліп, арнайы «Қыз көші» жоралғысымен шығарып салынды. ЦЖСТех, ЦЖСИр, ЦЖСКр екі жастың үйлену тойын жоғары деңгейде көрсетіп, аста-төк ақ дастархан жайылып, ақ баталар мен тілектер қарша борады.  

ЦП, ЦЖСМ департаменттеріне қазақ халқының ер адамдар арасындағы сыйластықты, бауырластықты және шынайы достықты білдіретін ежелгі амандасу дәстүрі «Төс қағысу» бұйырыпты. Бұл рәсім алыстан келген қонақтармен, құдалармен немесе көптен көріспеген достармен кездескенде жүрекке жақындықты білдіру үшін, сондай-ақ құдалық бекігенде қуанышпен орындалатын әдеп-ғұрыпты департамент ұжымы әдемі көрсете білді.  

ЦЖСКанц, ЦЖСДО, ЦЖСТОиР департаменттері келін түсіріп, беташар тойын жасады. Жаңа түскен келінді ата-енесімен, ағайын-туыспен таныстырып, көпшілікке көрсететін қазақтың салтанатты дәстүрі беташар рәсімін жырау домбырамен айтып, келінге сәлем салдырып, енесіне жас келіннің бетін аштырды. ЦЖСК, ЦЖСЮ департаменттері сүйінші сұрау дәстүрінен сыр шертіп, қуанышты хабар әкелушіге сыйлық беру жоралғысын жасады. Дирекциядағы Наурыз мейрамын ЦЭ департаменті баланың тұсауын кесуімен аяқтады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Маратұлы Төрегелдин сәбидің тұсауын кесіп, ақ жол тіледі.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады