ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды

Әлеумет
18.08.2026, 09:35
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Райхан РАХМЕТОВА
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да «Отандық тауар өндірушілерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының сатып алуларына тарту: проблемалар, тетіктері және оларды шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел форматында жұмыс кездесуі өтті.

Дөңгелек үстел барысында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ-ның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақстан машина жасаушылары одағы» заңды тұлғалар одағы, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның және «QazCloud» ЖШС-ның өкілдері отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету тетіктері мен құралдарын таныстырды. Отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен жергілікті өндірісті дамыту мәселелерін талқылады. Сатып алу рәсімдерін жетілдіруге, цифрлық интеграцияға және жергілікті өндірісті ынталандыруға ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар отандық бизнестің «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобының сатып алуларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.  

Қазақстандық кәсіпорындарды қолдау және отандық өндірісті дамыту – ҚТЖ қызметінің басым бағыттарының бірі. Сатып алудағы жергілікті қамту үлесін арттыру тек нормативтік талаптарды орындау ғана емес, сонымен қатар елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосылатын стратегиялық үлес ретінде қарастырылуда. Биылдың өзінде отандық тауар өндірушілермен 1 029 жылдық келісімшарт жасалған.  

– ҚТЖ қазіргі уақытта Одақ мүшелерімен инженерлік өнімдерді, мысалы дөңгелек жиынтықтарын, бағыттауыш бұрмаларды, тежегіштер мен басқа да өнімдерді сатып алу бойынша ынтымақтастыққа елеулі қызығушылық танытуда. ҚТЖ-ның еншілес компаниялары жүзеге асыратын сатып алу процестеріне отандық тауар өндірушілерді кеңінен тарту мақсатында, биыл сәуір айында біз «Жаңа өндірістік қуаттарды құруды қолдау бағдарламасы» аясында импортты алмастыратын жаңа өнімдерді әзірлеу жобаларын жүзеге асыруға және инженерлік өнімдерді сатып алу бойынша алдын ала сатып алу келісімшарттарын жасауға бағытталған ынтымақтастық меморандумына қол қойдық, – деп атап өтті «Қазақстан машина жасаушылары одағы» ЗТО-ның атқарушы директоры Талғат Базарбеков.  

ҚТЖ тұрақты әрі ұзақ мерзімді серіктестікке айрықша мән беріп отыр. Бүгінде отандық тауар өндірушілермен 112 келісімшарт қолданыста болса, сонымен қатар жаңа отандық өндірістерді құруға және дамытуға бағытталған офтейк-келісімшарттар тетігі белсенді қолданылуда. Биыл 5 офтейк-келісімшарт жасалған. Ал 4 ұзақ мерзімді құжат қолданыста екен.  

Ашық диалог барысында қатысушылар жергілікті бизнестің сатып алу процестеріне белсендірек қатысуына кедергі келтіретін негізгі мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын айқындады. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша тараптар отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын жетілдіру, жаңа өндірістерді құруға қолайлы жағдай жасау және сатып алынатын отандық тауарлардың номенклатурасын кеңейту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті