Мәскеу мерейтойына қатысты

Әлеумет
09.11.2018, 11:15

Түрксіб теміржолының бүгінгі мұрагері саналатын Семей ЖТ бөлімшесінде салалық ардагерлер кеңесі белсенді түрде жұмыс жүргізуде. Тек теміржол көлемінде ғана емес, қала, тіпті облыс деңгейінде түрлі қоғамдық шараларға атсалысуда.  

Бөлімшедегі ардагерлер кеңесі алдағы уақыттағы жұмыстар барысын жаңаша сипатта бұрынғыдан да ширата түспек. Бұл жайында жуырда Мәскеу қаласынан, ТМД бойынша теміржолшы ардагерлер ұйымдары төрағалары бас қосқан жиыннан оралған жергілікті ұйымның төрағасы Қырықбай Әлсейітов ой бөлісті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті жанындағы Консультативтік кеңес мүшесі, Семей жол бөлімшесі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы осыдан біраз бұрын Мәскеу шаһарында өткен Ресей теміржолы орталық ардагерлер кеңесінің 15 жылдық мерейтойынан оралған болатын. Қадірменді ақсақалдың айтуынша, осынау іргелі шара барысындағы «Күміс күз» атты фестивальге елімізден аттанған делегация құрамында алты теміржолшы-ардагер барған екен. Еуразиялық одақ елдерінен жиналған жалпы саны 146 қарт теміржолшы Мәскеу іргесіндегі арнайы пансионатта аптаға жуық уақыт болып, келелі кеңес өткізіпті.

– Басты тақырып ретінде ардагерлер қауымына жасалатын қамқорлық шаралары кеңінен сөз болды. Оның ішінде салауаттылық салтын ұстану, денешынықтыру, яғни, теміржол саласы ардагерлерінің өмір жасын ұзарту бағытында жұмыс жүргізу жайында әйгілі профессорлардан дәріс тыңдадық. Ескермейтініміз көп екен. Мұның барлығын күнделікті тәжірибеде қолданудың маңыздылығы зор. Қысқасы – үйренеріміз көп болды, – дейді ақсақал.

Игілікті шара барысында өткізілген «Денсаулық +60» атты арнайы семинардың тағылымы мол болған. Елімізден барған кеңес төрағалары үйренгендерін өзге әріптестерімен бөлісіп, күнделікті тәжірибеде қолдануды ұйғарыпты. Ресейлік теміржол саласынан зейнетке шыққан жандардың белсенділігі жоғары екен. Қоғамдық шаралардан шет қалмайды. Сонымен қатар, жастары 70-тен асса да спортпен шұғылданып, күнделікті бассейнге, фитнесклубқа баратындар өте көп. «Бұл ретте, біздің ардагерлер үшін өмір сүру салтына өзгерістер енгізген дұрыс. Отбасынан ұзап шықпайтын қарттар көп. Оларды ендігі аралықта қоғамдық өмірдің барлық салаларында белсенді болуға шақырамыз», – дейді Қырықбай Әлсейітұлы.

Қарт теміржолшы осынау шараның тиімділігі зор болғанын айтады. Кешегі Кеңес дәуірінде отандық теміржол саласын бірге өркендеткен байырғы әріптес қариялар арасында ұзақ жылдардан соң бір-бірін қайта тауып, қауышқандары көп болыпты. Сондай-ақ, аға буын арасында шахмат, дойбы, дартс бойынша түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылыпты. Қорыта айтқанда, ардагерлер қауымы Ресей төріндегі ардагелер тойынан үлкен әсер, мол олжамен оралған.

Қазіргі күні ұлттық компания тарапынан ардагерлер қауымына ерекше көңіл бөлінуде. Сондай-ақ, Семей ЖТ бөлімшесіндегі бастауыш ардагерлер ұйымы тарапынан да тұрақты түрде ілкімді шаралар жүргізілуде. Оның барлығын ендігі аралықта осындай басқосулардан түйіп қайтқан әлемдік деңгейдегі озық тәжірибелермен ұштастыра жүргізудің маңыздылығы жоғары болмақ. Міне, осынау тақырып аясында жергілікті кеңес төрағасы Қырықбай Әлсейітұлы бастаған семейлік ардагерлер қауымы өзара келелі кеңес өткізіп, нақты ұйғарым жасады. Басты мақсат – ғұмырын теміржол саласын өркендетуге арнаған қарттардың өскелең буынға өнеге-үлгі болып, мығым денсаулықпен ұзақ өмір сүру.

Қуаныш Қожаев, Семей


Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл