«Өндірісте өзімді электромеханик сезінемін...»
«Қос рельстің бойымен жүйткіген локомотивтер автокөліктер секілді бағдаршамдар қызметіне бағынады», – дейді кейіпкеріміз Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының директоры Мақсот Тарғынов.
Рас қой. Темір жолдың міндеті – жолаушы мен жүк тасымалдау процесін жүзеге асыру десек, осы жұмыстарды атқаруда белгі беру және байланыс дистанциясының қызметі айрықша. Өйткені, дала мен қалада айқұш-ұйқыш тартылған темір жолмен бір сызықтың бойымен жүргендей рет-ретімен қозғалып жатқан пойыздардың жүрісін басқарып отырған сол бағдаршамдар, белгі беру, байланыс жүйесі.
Құрметті теміржолшы Мақсот Жұмағалиұлы осы қиын да күрделі салада қырық жылдан астам еңбек етіп келеді. Сағыз станциясында қарапайым теміржолшы отбасында дүниеге келген оның балалық шағы әкесінің жұмыс бабымен қоныс аударған Мұқыр станциясында өтіпті. 1974 жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан темір жолының Гурьев бөлімшесінің №31 сигнализация және байланыс дистанциясына электромонтер болып жұмысқа орналасқан күннен бастап осы саланың ыстығына күйіп, суығына тоңған жылдар жылжып өте берді...
1977 жылы Алматы темір жол техникалық мектебін тәмамдап, электромеханик мамандығын алады. 1978-1981 жылдары Ақтөбе темір жол техникумына оқуға түсіп, оны да ойдағыдай бітіріп, Мұқыр станциясы мен Кенбай бекеті учаскесінде аға электромеханик, Мақат – Сағыз учаскесінде учаске бастығы қызметін атқарып, тәжірибелі маманнның біріне айналады. Еңбек ете жүріп Алматы темір жол иститутын сырттай оқып, саласы бойынша жоғары білім алады.
Үнемі оқу мен ізденіс үстінде жүретін маманды басшылық 2001 жылы Атыраудың Ақжайық сигнализациялау және байланыс дистанциясы бастығының орынбасары етіп тағайындайды. Өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай атқарып, өндіріске талай жаңашылыдықтар енгізумен көзге түскен маман 2007 жылы дистанция директоры болып тағайындалады. Содан бері міне, он жылға жуық уақыт өтті, осы ұжымның тасы өрге домалауы үшін аянбай тер төгіп келеді. Белгі беру және байланыс қызметіндегі қиын да күрделі кезеңдерден ұжымын аман-есен алып өтіп, не мәселенің де оңтайлы әрі бағалы шешімін таба білетін іскер басшы аймақта белгі беру-байланыс саласын жаңартып, Қарабатан, Мақат дөңес алды, Ақжайық, 441, Теңдік бекеттерін, орталықтан диспетчерлік басқару жүйесі (МПЦ «Диалог»), КТҚК қондырғыларын өндіріске қосуға атсалысқанын мақтан тұтады. «Өндірісте мен өзімді әлі күнге электромеханик сезінемін» дейді кейіпкеріміз.
Зулаған уақыт қандай ұшқыр, тамыздың 27 жұлдызында ел ағасы жасы 60-қа толып отырған Мақсот Жұмағалиұлы өзі сүйген кәсіпте, еңбекпен өрілген өміріне өкініші жоқ. Шүкіршілік, жұбайы Райса Исмағұловамен бірге екі ұл, үш қыз тәрбиелеп өсіріп, олардан сүйген немере-жиен шаңырағының шаттығын тасытып отырған өнегелі отбасы бар. Екінші ұлы Ержан Тарғынов 2005 жылдан бері әке жолын қуып, Атырау белгі беру және байланыс дистанциясында бас инженер болып қызмет атқарады. Осындай лайықты абыройға ие азамат, нағыз білікті инженер, іскер басшыны оның туған шаңырағындай болып кеткен ұжымы да мерейлі жасымен құттықтауға асық.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Атырау
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл