Шоқпар мұнарасында күрделі жөндеу
Әлеумет
02.09.2016, 18:13
Ұлттық компанияның «Мөлдір бұлақ» бағдарламасының шарапатын шалғай жатқан станция тұрғындары молынан көруде. Мысалы, Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты Шоқпар станциясындағы су қысымды мұнарасы қалпына келтіріліп, құрылғыларды жаңарту жұмыстары жүргізілді.
Өткен аптада «Теміржолсу» АҚ вице-президенті Ермек Искаков, ЖТ Жамбыл бөлімшесінің бас инженері Асылхан Тайлақбаев және Шу ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков станция басындағы су мұнарасында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, теміржолшылармен кездесті.
– Мұнда жұмыстарды «Теміржолсу-Шу» серіктестігінің жұмысшылары жүргізуде. Шоқпар станциясындағы су құбыры мұнарасы өткен ғасырдың басында, 1938 жылы бой көтерген екен. Арада сексен жылдай уақыт өткендіктен мұндағы құрылғылар тозып, өз мерзімін өтеп бітті. Оның ішінде мұнара ішіндегі төрт су сыйымдылық ыдыстары да әбден тозды. Соның нәтижесінде станция тұрғындарына ауыз су тек уақытпен ғана беріліп келді. Жалпы «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминнің бастамасымен қолға алынған «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында осы уақытқа дейін 5,3 млрд теңгеге жұмыс жасалды. Қазақстан аумағында 392 станцияда 679 нысанда жұмыс жүргізілді. Сондай ауқымды жобаның бірі – осы Шоқпар станциясындағы нысандағы жұмыс алдағы он күннің ішінде толық аяқталады. Осы станциядан екі км қашықтықта құдық, скважина бар. Құдықтан су осы мұнараға келеді. Мұнарадан тазартылып, ауылға барады. Ағымдағы жылы Шоқпар бекетіндегі су мен жабдықтау нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 52,6 млн теңге бөлінді. Көп құрылғылар жаңартылды. Енді осы мұнарада тұрған 80 кубтық сыйымдылыққа су жиналады. Жиналған су станция тұрғындарын тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз ете алады. Орта есеппен алғанда мұнда тәулігіне 60 куб су алынады екен, – деп мәлімет берді «Теміржолсу» АҚ вице-президенті Ермек Искаков.
Қоғам өкілінің айтуынша, Шоқпардағы мұнараның өз ерекшелігі бар екен. Қазақстанда, оның ішінде ұлттық компанияның балансында 149 су мұнарасы болса, оның 31 мұнарасы патша заманында салынған. 46 мұнара Кеңес Үкіметі тұсында бой көтерген. Ал бұл мұнара 1938 жылы салыныпты. Сексен жыл бойы тұрған мұнара жоғарыда аталған бағдарламаның, бөлінген қаржының арқасында мүлдем қайта жаңғыртылған. Толық күрделі жөндеуден өткен. Сондай-ақ, жұмыстар барысында станция аумағында екі шақырымнан астам су құбырлары ауыстырылыпты. Және станциядағы жеті үйге қосымша су құбырлары тартылып берілген. Алдағы уақытта тағы да үйлерге қосымша су тартылатын болады. Алдағы уақытта ауыз суға деген сұраныс артатын болса, осы мұнараның ішінде тағы да қосымша сыйымдылықтар қоятын да мүмкіндік бар екен.
–Тағы бір ерекшелігі мұндай мұнара Қазақстанда жалғыз. Бұрындары Кеңес Үкіметінен мұра болып келген технологияның бірі – суды хлормен тазалайтын. Ал бүгінгі күні бұл технология мүлдем жаңартылып, ультра-сәулелі тазартқыш құрылғылар орнатылды. Мұнараның ішіндегі босаған бұрыштан, жұмысшыларға жұмыс бөлмесін және санитарлық-гигиеналық бөлмелерін жасап береміз. Жалпы, Шоқпар станциясы орналасқан аумақта ауа райы өте қолайсыз. Мұнда жел көп тұрады. Мына биік ғимараттағы жұмыстарды жүргізгенде, әсіресе шатырын жауып, жоғарыдағы терезелерін салуда ауа райымен санасуымыз керек болды. Алдымен ойлағанымыз жұмысшылардың қауіпсіздігі. Қазір станция тұрғындарына ауыз су тұрақты түрде беріліп тұр. Бір айта кететін жаңалық, қаржылық дағдарысқа байланысты «Теміржолсу» АҚ ағымдағы жылы бөлінген 350 миллион теңгені өз қаражатынан бөліп отыр. Өйткені, «Мөлдір бұлақ» бағдарламасын тоқтатуға болмайды, – деді Ермек Қабышұлы.
Бүгінде нысанда абаттандыру шаралары қолға мықтап алынған. Су мұнарасының қасбеті толығымен жөндеуден өтіп, станцияға өзінше бір сән беріп те тұр. Серіктестік директоры Бауыржан Көкірекбаевтың айтуынша нысандағы жұмыстың мерзімі төрт айға жоспарланғанымен, ол мерзімінен бұрын беріледі екен. Жұмыстың барысын станция тұрғындары көріп, бақылап отыр. Дегенмен, ауқымды жұмыстың біразы жасалды.
– Шоқпар станциясы тұрғындарының дені – теміржолшылар. Соңғы жылдары ұлттық компания тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға куә болып отырсыздар. Атап кеткен «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы ел игілігіне қызмет етуде. Көктемгі және күзгі комиссиялық байқауларда осындай шалғай жатқан станция тұрғындары негізінен ауыз су мәселесін жиі көтереді. Сондықтан, бүгінгі күні Шоқпар станциясының тұрғындары үшін әлеуметтік бір мәселе шешілді ғой деп ойлаймын, – деді өз кезегінде «ҚТЖ» ЖТ» АҚ-ы филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің бас инженері.
Шу ауданы әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков те «ҚТЖ» компаниясының «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы аясында Шу өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында аудандағы 35 елді мекеннің бірқатары таза ауыз сумен қамтамасыз етілгенін тілге тиек еткен аудан өкілі «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы темір жол бойындағы халықты сапалы ауыз суға кенелткен шарапатты жоба деп баға берді.
Айта кетейік, «Теміржолсу-Шу» ЖШС бес жыл аралығында «Мөлдір бұлақ» бағдарламасы бойынша 14 станцияның 64 нысанында 401 млн теңгеге жұмыс атқарған, оның ішінде 66 млн теңгеге ЖШС-ның меншікті қаражатынан жүргізген.
Ерман Әбдиев, Шоқпар
Әлемде
10.04.2026
Қытай теміржолы жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатты
Жолаушылар тасымалы
10.04.2026
ҚТЖ «Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдарын іске қосты
Инфографика
10.04.2026
Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалы тұрақты қос таңбалы өсімді көрсетіп отыр
Қауіпсіздік
10.04.2026
Дистанция дайындығы тексерілді
Аймақтар
10.04.2026
Ақтөбеге омбудсмен келді
Аймақтар
10.04.2026
Маңғыстаулық теміржолшылар техникалық базаны нығайтуда
Инфрақұрылым
10.04.2026
Инфрақұрылым талапқа сай ма?
Қауіпсіздік
10.04.2026
Жамбылдық теміржолшылар қауіпсіздік шараларын пысықтады
Жүк тасымалы
10.04.2026
Қазақстан мен Қытай транзитті арттыруға мүдделі
Жаңалықтар
10.04.2026
Денсаулық – ең үлкен байлық
Жаңалықтар
10.04.2026
Қазақстан мен Армения арасындағы көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
10.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №27 10 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
09.04.2026
«Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы басталды
Спорт
09.04.2026
Жеңіс тұғырында – локомотившілер
Әлемде
09.04.2026
Talgo рекордтық тапсырысқа қол жеткізді
Жаңалықтар
09.04.2026
Пойызда тәртіп бұзған жолаушылар әкімшілік қамауға алынды
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты
Әлемде
09.04.2026
Жапонияда панорамалық терезелері бар пойыз-мейрамхана пайда болады
Инфрақұрылым
09.04.2026
Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ экологиялық міндеттемелері аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады