Әулет абыройы - адал еңбекте

Әлеумет
09.09.2016, 17:17
Ақтөбе өңірінің Мұғалжар ауданына қарасты Ақкемер станциясында тұратын Қазбековтер әулетін білмейтіндер кемде кем. Сексеннің сеңгіріне шыққан  қарт теміржолшы Есмұрат Қазбеков бүгінде тамырын тереңге жайған алып бәйтерек сынды.   Қырық жыл шойын жолда тер төккен әулет ақсақалы өзінен тараған үрім-бұтағын ең алдымен кәсіпке адал болуға, екінші, отбасы құндылықтарын қастерлеп, қадір тұтуға тәрбиелейді екен. Үлкен шаңырақта немере-шөберелері бас қосқанда олардың құлағына сіңе берсін деген ниетпен өткен өмірінен ертегідей естелік сыр шертеді. «Соғыстан кейінгі 50 жылдардың ортасында темір жолда барлық жұмысты қолмен атқардық. Мен әлі буыным бекіп, бұғанам қатпаған өрімдей жас бала кезімде жол бұрушы деген кәсіптің құлағын ұстап, кәдімгі ересек адамдардай жауапкершілікті мойныма алдым. Жас демей, бала демей маған осы жұмысты сеніп тапсырды», – дейді қария немере-шөберелеріне барлай қарап отырып. Қарияның көз алдына аса жауапты әрі ауыр жұмыстың тізгінін ұстағанда он алтыға да толмағаны, сонда да намысқа тырысып, анасына қолдары күстеніп  саусақтарының қарысып қалғанын сездірмеуге тырысатыны түсіп, ұзақ үнсіз отырады...      Кейін қозғалыс саласына ауысады. «Красный мадияр» станциясында кезекші болып, табаны күректей тағы он жыл жұмыс істеген соң,  1971 жылдың 1 қаңтарында осы станцияның бастығы болып тағайындалады. Темірдей тәртіп шеңберінен шықпай, өз қызметін адал, асқан жауапкершілікпен атқара білген Есмұрат Зарлықұлы жүк құрамын апаттан сақтап қалғаны үшін «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісіне ие болады. Ал 1985 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады.      Есмұрат ақсақалдың жұбайы Бибізада апа да темір жолда көп жыл еңбек еткен жан. Екеуі төрт қыз, үш ұл тәрбиелеп өсірді. Балалары түгел теміржолшы болды. Үлкен қыздары Гүлсім көп жыл Қырғыз станциясының бастығы болып, былтыр зейнетке шықты.  Гүлнәр Жем жол машиналары станциясында жұмыс істесе, Гүлшат өткел кезекшісі. Ал ұлдардың үлкені  Серік аға жол шебері, ол да «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталған үздік маман. Ортаншы ұл Тарас пен кенже ұл Бауыржан жол шеберлері. Тарас  та «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін»  төс белгісін алған, ал  Бауыржан «Кәсібі бойынша үздік» атанған.  Осалы жоқ. –Құдайға шүкір, ұлдарым мен қыздарымның арасында, 20 немерем мен 18 шөберемнің қызығын көріп, ғұмыр кешіп жатқан жайым бар. Адал еңбек етіп, адал жүрудің арқасында елге сыйлымын. Өкініштісі, қосағымның бұл дүниеден озып кеткені. Әйтпесе, өмірге еш өкпем жоқ, – дейді ақкемерлік ақсақал.

Аманбай ҚОНАҚБАЕВ, Ембі қаласы

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады