Қозыбақовтар династиясы – бірлік пен береке үлгісі

Әлеумет
23.09.2016, 17:29
 Семей теміржолында династиялық әулеттер мол. Кешегі Түрксібтің құрыш білекті құрылысшыларының бүгінгі ұрпақтары аталмыш салада қажырлы қызмет етуде. Солардың қатарындағы шойын жолда 640 жылдан астам еңбек өтілдері бар Қозыбақовтар әулетін жеке-дара бөліп атауға болады.  Оның себебі аталмыш әулет мүшелері теміржолшы мамандығын абыроймен ғана алып жүрген жоқ, өнердің сан түрін меңгеріп, бұл саланың намыс туын биік ұстап жүр. Мәселен, Семей қаласында Отбасы күніне орай ұйымдастырылған аймақтық «Үздік әулет» жанұялық сайысында Қозыбақовтар барша қарсыластарынан басым түсіп, «Ең белсенді әулет» аталымын жеңіп алды. Байқауға әулеттің кіл өнерлі өкілдерінен іріктелген отыздан аса теміржолшы келіп қатысты. Ал өзгелері сынға түскен туыстарын сахна сыртында гримдеп, киімдерін әзірлеп, енді біразы көрермен залында жанкүйерлік етті. –Негізі темір жолда еңбек етіп жүрген Қозыбақовтар бұдан да көппіз. Бүгінгі байқауға тек Семей қаласы мен жақын маңдағы станцияларда тұратын әулет өкілдері ғана келе алды. Оның өзінде де тек сахнада өнер көрсетіп шыңдалған туыс-туғандар ғана жиналдық, – дейді Қозыбақовтар династиясының төртінші буын ұрпағы, Шөптіқақ станциясының СОБ электромонтері Бейбіт Қозыбақов.  Жасы жиырмадан енді асқан Бейбіттің өзі де Ресейдің Барнаул қаласында студент теміржолшылар арасында өткен сайыста қазақша ән шырқап, жүлдегер атаныпты. Жалпы, осынау додаға кілең өнерлі буын жиналған екен. Мәселен, Семей станциясының жүк қабылдап-тапсырушысы Динара Қозыбақова ұлттық би билеуден алдына жан салмады. Ол өткен жылы желтоқсан айында Астана қаласында Ұлттық компания ұйымдастырған республикалық «Помним, гордимся, наследуем!» атты жастар форумында Түрксіб теміржолын салған даңқты бабасы Жұмағазы Қозыбақов туралы баяндама жасап, бас жүлдені еншілепті. Бұл байқауға әулеттің бүгінгі аға буын өкілдері, жастары сексеннен асқан байырғы теміржолшы ардагерлер Мүбәрак және Тоқтархан Қозыбақовтар да келіп қатысты. Сондай-ақ, семейлік теміржолшылар да жанкүйерлік жасады. Отбасылық сайыс мейлінше тартысты өтті. Әйтсе де, Қозыбақовтар барын салды. Мәселен, «Әжемнің ас мәзірінен» атты бөлімде «Теміржолшылар қуырдағын» әзірлеген аталмыш әулет келіндері қазылар алқасының ризашылығына бөленді. Сондай-ақ, ән мен би, қолөнер бөлімдері бойынша да басты орындарды еншіледі. Мұнымен қоса, байқау барысында «Қазақстан» ұлттық арнасы түсірген Қозыбақовтар династиясы туралы 3 минуттық бейнеролик ұсынылды.  –Дайындалғанымызға бір айдан аса уақыт өтті. Әсіресе, өнердің сан түрімен танылған кейінгі толқынға үлкен сенім арттық. Біздің династия өкілдері негізінен темір жолдағы байланыс және белгі беру саласында еңбек етеді. Байқауға екі бірдей «Құрметті теміржолшы» атағын иеленген ағаларымыз, сондай-ақ соңғы үш буын өкілдері, сексен жастағы қарияларымыздан бастап, олардың немере-шөберелеріне дейін қатысты, – дейді ШЧ-29 мекемесінің техникалық құжаттар тобының жетекші инженері Берікқан Қозыбақов.  Аймақтық байқау нәтижесінде «Ең белсенді әулет» аталымын жеңіп алған Қозыбақовтар әулеті бағалы сыйлықтар және мақтау қағазымен марапатталды.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді