Қанат қанаттанып қайтты
Әлеумет
27.09.2016, 17:49
«Еңбек күні» мерекесіне орай Мұнайлы ауданындағы №5 орта мектепте «Жастар.Еңбек.Инновация» тақырыбында еңбекші жастар форумы ұйымдастырылып, «Қазақстан темір жолы» АҚ филиалы «Ірілендірілген Маңғыстау жол дистанциясының» жол жөндеушісі Қанат Мұңатов аудан басшысы Нұрлан Тәжібаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Форум – еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, жастардың инновациялық жұмыстарымен танысу, әр саланың қарапайым еңбекші жастарын марапаттау кезеңдерінен тұрды. Әншейінде еленбей қалатын шопан, диқан, өрт сөндіруші, шаштаразшы, аспазшы, жол жөндеуші, слесарь-жөндеуші, тоқ жөндеуші, дизайнер сынды жас мамандардың жұмыстағы еңбегі осы форумда айқын бағаланды. Сондай-ақ, бетке ұстар белсенділермен қатар ауданның 10 еңбек ардагеріне сый-құрмет көрсетілді. Олар аудандағы өндіріс орындарында, мемлекеттік, әлеуметтік, білім, денсаулық салаларында 30 жылдан жоғары еңбек етіп, зейнетке шыққан, жастарға үлгі тұтарлық өз ісінің шеберлері болатын. Осындай аға буынның ізін басқан жас теміржолшы Қанат олардан үйренері көп екендігін айтты.
─ Жолшылар мекемесінде үш жылдан бері бітірген мамандығыма сай қызмет етіп келемін. 18 жасымда еңбекке араласқалы аға толқынға шәкірт болып, жол қауіпсіздігін сақтауға күш салудамын. Темір жолдың ақауын қарап, рельстің беріктігін тексеру, барлық күтімін жасау біздің негізгі міндетіміз. Жастар арасында жұмысшы кәсібін насихаттау және жұмысшы әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту – аталмыш форумның басты мақсаты, – дейді Қанат Мұңатов.
Айтуынша, өзі көп балалы теміржолшылар әулетінің кенжесі болғандықтан бақилық боп кеткен әке орнын жоқтатпай, анасына ауырлық салмас үшін жан аямай еңбектеніп келеді. Әкесі Нұрлыбай да кезінде қарапайым жолшы болған екен. Анасы Бәтима болса, Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде әлі күнге шаруашылық жағында жұмысын жалғастырып келе жатыр. Ол ұлының марапатталу сәтіне куә болып, оның келешекте бұдан да жарқын белестерді бағындыратынына, ел сенімін ақтауға ұмтылатынына қуанып қайтты.
Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді