Теміржолшы әріптестеріне көмек көрсетті

Әлеумет
24.04.2020, 10:09

Елдегі төтенше жағдайға байланысты азық-түлік пен аса қажетті тауарлар алудан көмек қажет ететін отбасылар қатары артқаны белгілі. Осыған орай Астана ірілендірілген жол дистанциясы ұжымы мекеменің кәсіподақ ұйымымен бірге теміржолшы әріптестеріне көмек көрсетіп, қайырымдылық шара өткізді.

«ҚТЖ -2020 игі іс», «Біз біргеміз!» акциялары аясында 14-15 сәуірде жолшылар өз қызметкерлері арасынан көп балалы, аз қамтылған, мүгедек баласы бар отбасыларға және карантин аумағында пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған жол монтерлеріне азық-түлік себетін жеткізіп берді. Бұл себеттер ең алдымен №39, 96 бекеттер мен Нұр-Сұлтан және Қырқыншы станцияларының жол монтерлеріне таратылды. Дистанцияның кәсіподақ комитетінің төрағасы Асылхан Тоқтыбаевтың айтуынша, бірінші кезекте қажет өнімдерден барлығы 130 азық-түлік жиынтығы дайындалып, үлестірілген.

– Қазір ел басына күн туған шақта әрбір адам, әр ұжым ауызбірлікте өмір сүріп, қамқорлық пен жанашырлықтың аса маңызды екенін жете түсіне бастады. Біз де осындай сынақ кезінде кейбір әріптестерімізге қолдау көрсетуді жөн деп таптық. Осы қайырымдылық акциясын өткізуге қолдау білдірген дистанция кәсіподақ ұйымы мен «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» торабы филиалының басшысы Серік Сәрсекеевке алғыс білдіргіміз келеді. Олар жолшылар бастамасына бірден қолдау білдірді. Сонымен қатар осы акцияның барлық ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан ұжымның кадрлар бөліміне, басқа да қызметкерлерге рахмет айтамын, - дейді дистанцияның директоры Қайрат Иланов.

Мұндай көмек сонымен қатар №2,3 жол колонналары мен №4,5,6 өндірістік телімдер және «Нұрлы жол» телімі, көліктік, диагностикалық, жасанды имараттар блоктары мен ақаутапқыш цехының жұмысшыларына да берілген. Дистанциядағы қайырымдылық акциясынан Бурабай, Ерейментау бағытындағы телімдері мен колонналардың жолшылары да құр қалмай, олар да азық-түлік пакеттерімен қамтамасыз етіліпті.

Бурабай бағытында №1,2,3 өндірістік телімдер мен №1 колонна, Ерейментау бағытында №6,7 өндірістік телім мен №3 колонна жұмысшыларына барлығы 75 азық-түлік пакеті таратылған. Бұл жол шаруашылығы мамандары – Макинка, Жасыл, Елтай, Ақкөл, Шортанды, Төңкеріс, Ерейментау, Сарыоба, Еркіншілік, Едіге станцияларында еңбек етіп жатқан теміржолшылар.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді