Сексеуілдік жастар да үн қосты

Әлеумет
28.04.2020, 14:14

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы Сексеуіл локомотив пайдалану депосында да жүзеге асырылуда.

Теміржол жастары арнайы дайындалған азық-түлік өнімдерін соғыс және тыл ардагерлерінің үйіне жеткізіп беріп, жанжақты көмектесуде. Әлемде және елімізде жаһандық дертпен күрес жүріп жатқан кезеңде қарттарға көмек – басты парызға айналып отыр. Депоның ерікті теміржолшылары алдымен Сексеуіл кентінің тұрғыны, соғыс ардагері Талжан Жанасовтың үйіне барды.

Ақсақалдың жағдайын біліп, ақ батасын алды. Одан соң соғыс кезінде тылда жұмыс істеген ардагерлер - Қабылқожа Сарманов, Үржан Наурызбаева, Тазагүл Бармақбаева, Молдабай Ахметов, Еңсепбай Боранбаев, Балжан Дүспаевалардың шаңырағына да қайырымдылық көмекті жеткізді. Сексеуіл кенті бойынша 1 соғыс және 6 тыл ардагері көмекпен қамтылды. Ал жалпы Арал ауданы көлемінде осындай көмекті олар 40 ардагерге көрсетілген.

 Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары Еркебұлан Аяғановтың айтуынша, аталған шараға деподан 9 ерікті жас теміржолшы шыққан.

– Мұндай шаралар бүгінгі қоғамды отаншылдыққа тәрбиелейді. Рухани құндылықтарды насихаттап, ардагерлердің біз үшін еткен ерліктеріне тағзым етуге, құрмет көрсетуге мүмкіндік беретін бастама. Осы мүмкіндік биыл теміржолшыларға беріліп тұр. Қарияларымызға денсаулық тілейміз, әлі де ортамызда шежірелі қазынамыз болып жүре берсін, – дейді Е. Аяғанов.

«Жеңіс» – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылатын және ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетуге бағытталған республикалық әлеуметтікқайырымдылық жоба. Ол 2015 жылы - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аясында бастау алды және осымен 5 жыл бойы жалғасуда. Басты мақсат - 9 мамыр күні ғана емес, жыл бойы ардагерлерге қамқорлық көрсету. Жоба аясында волонтерлік рейдтер, сондай-ақ жас ұрпақты тәрбиелеуге және тарихты сақтауға бағытталған басқа да іс-шаралар өткізіледі. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді