300-ден астам маска тігіп, теміржолшыларға тегін таратты

Әлеумет
04.05.2020, 19:10

Достық станциясының жетекші инженері Жазира Қажытаеваның теміржолдағы қызметінен бөлек сүйікті ісі – тігіншілік. Бос уақытында көрпе, жастық тігумен айналысады. Елімізде төтенше жағдай орнап, халық жаппай маска сатып алуға көшкенде ол осы өнерімен қайырымды іс жасауға ниет етті.

Жазира ыңғайлы мата сатып алып, үйдегі тігін машинасымен 300-ден астам маска тігіп, станция жұмысшыларына таратты.

– Қолыңнан келіп тұрса, құдай берген өнерді неге игілікті іске жұмсамасқа?! Оның үстіне ел дәріханалардан маска таппай, әуресарсаңға түсті. Соны көріп отырып қарап қала алмадым, адамдардың алғысы маған жігер беріп, қанаттандыра түсті, – дейді Жазира.

Шығыс Қазақстан өңірінің Таскескен деген ауылында дүниеге келген Жазираның мамандығы – қаржыгер. Теміржолдағы қызметін 2013 жылы осы станцияда тауар кассирі болып бастаған. Үш жылдан кейін бірінші санатты экономист болып еңбек етсе, екі жылдан бері өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі жетекші инженер қызметінде.

– Теміржолдағы жұмысым өзіме қатты ұнайды. Өте қызық. Негізінен «Самұрық-Қазына» қорымен жұмыс жүргіземіз. Станцияға керекті тауарлар, қызметтер туралы тендер өткіземіз. Тендер ұтып алған жеткізушілермен келісімшартқа отырамыз. Барлық тауар, қызмет, жұмыс бойынша келісімшартта көрсетілген міндеттердің уақытында орындалуын қадағалаймыз. Ақшаның мерзімінде түсуін бақылап отырамыз, – дейді теміржол саласының жас маманы.

Жазираның анасы станцияда жүк қабылдап-жөнелтуші, әпкесі де есепші болып теміржолда еңбек етеді. Сондықтан отбасының ортақ тақырыбы да теміржол. Талантты теміржолшы қыз бос уақытында түрлі тағамдар пісіргенді, би билеп, кітап оқығанды, массаж жасағанды ұнатады. Үнемі ізденісте жүретін ол бағындырар белестерім әлі алда деп санайды. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді