Маңғыстаулық жастар ардагерлердің тұрмыс тіршілігімен танысты

Әлеумет
06.05.2020, 11:36
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

ҚТЖ-ның «2020 игі істер» жобасы аясында Маңғыстау теміржолының ерікті жастары өңірдегі Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл ардагерлерінің үйіне барып, Жеңістің мерекесімен құттықтауда.

Аталған игі шара Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіс» жобасын жүзеге асыру бағытында ұйымдастырылуда.

Жобаны Жаңаөзен қаласы бойынша жеті және Ақтау қаласы мен аудандардан тағы жеті теміржол жастарынан құралған еріктілер тобы жүзеге асыруда. Жуырда олардың бір тобы Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында тұратын ардагерлерге азық-түлік жеткізіп, тұрмыс тіршілігімен танысып қайтты.

− Қазір бізде Жаңаөзен қаласын қоспағанда 11 ҰОС ардагері мен 93 тыл ардагері бар. Содан 40-ның жыл соңына дейін хабарын алып, азық түлікпен қамтып тұруымыз керек. Әрқайсысына 4 реттен барамыз. Теміржолшылардан құралған ерікті жастар жоспар құрып бөліп алғамыз. Жуырда Форт-Шевченко қаласындағы 10 тыл ардагеріне азық-түлік жеткізіп бердік. Мұндай жұмыстар Жаңаөзен қаласы бойынша сол жақтағы әріптесіміз Арман Айлатуровтың жетекшілігімен де іске асуда. Жоба Жеңіс мерекесіне орай «Самұрық Қазынаның» әлеуметтік қоры «Самұрық Трастың» қолдауымен өңірдегі ардагерлерге көмек, әсіресе бүгінгідей карантин жағдайында барынша қолдау жасауды көздейді, – дейді жобаның Маңғыстаудағы үйлестірушісі, Маңғыстау вагон депосының вагон қараушы-жөндеушісі Қуатбек Көпбаев.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді