Соғыс ардагері Күбір Тілешовты құттықтады

Әлеумет
12.05.2020, 11:44
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау теміржолының басшылығы Жеңістің 75 жылдығына орай өңір теміржолының көзі тірі жалғыз соғыс ардагері Күбір Тілешовты құттықтап барды.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен қатар 96 жасын тойлап отырған қария бүгінде ұрпағының алып бәйтерегіне айналған.

Биылғы Жеңіс күнін 6 баласынан тараған 25 немере, 33 шөбересімен қарсы алды. Жылдан жылға өзінен тараған бұтақтардың бүр жарып, гүл ашып, жемісі көбейіп жатқанын көріп бір жасарып қалатын қария үйіне келген меймандарды әдеттегіше жылы қабылдады.

Кісі келеді деген күні орденмедальдері тағылған салтанатқа киетін костюмін иығына іліп, қонақ қабылдауға дайындалады.

Бұл жолы да басқалардан да көбірек әріптестерін күткен болу керек, теміржолшылар келді дегенде балаша қуанды. Ақсақалдың қуанышын бөлісіп, Жеңіс күнімен құттықтауға Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов, персоналды басқару бөлімінің басшысы Екпін Қожахметов, бөлімше кәсіподағының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов пен ардагер тұратын Жетібай станциясының бастығы барған еді.

Қарт майдангерге лебіздерін арнап, алып барған сый-сияпат, тартуларын табыстаған олар ардагердің әңгімесін тыңдап, тұрмыс тіршілігімен танысты.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бас директоры Қайрат Сәуірбаевтың алғысы мен ақшалай және заттай сыйлығын, Маңғыстау бөлімшесі басшылығы мен кәсіподағының құттықтауын, сыйлықтарын тапсырды. 

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл