Жаз – менің арманым

Әлеумет
16.06.2020, 10:11

Үстіміздегі жылдың 11 маусымында Қарағанды бөлімшесінде онлайн-режимінде өткен «Жаз – менің арманым» балалар суреті байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ Қарағанды филиалы балаларды қорғау күні қарсаңында, яғни 25 мамыр мен 5 маусым аралығында «Жаз – менің арманым» балалар суретінің байқауын өткізген болатын. Түрлі түсті бояумен және карандашпен салынған шығармашылық жұмыстар онлайн режимінде ұсынылды.

Байқауды ұйымдастырушылар суреттердің тақырыпқа сай бояулары ашық та қанық болғанын, әр суретте бала қиялынан туындаған бақытты сәттер, әдемілік әлеміне жетелейтін жақсы көріністер сәтті берілгенін айтады.

Сонымен, биылғы байқаудың қатысушысы және жеңімпазы ретінде 57 бала танылып отыр екен. Кәсіподақ филиалының төрағасы Яхия Альмусин суреттер байқауы филиал тарапынан жыл сайын өткізіліп тұратынын және де осы конкурсқа қатысқан барлық балаға алғысын білдірді. Instagram-да ұйымдастырылған конкурстық жұмыстар көрмесі расында жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй, оң эмоция сыйлағаны байқалады.

Арнайы сыйлықпен марапатталғандар қатарында «Instagram-дағы шығармашылық табыс» номинациясы бойынша Қарағизов Жомарттың (Жаңаарқа жол дистанциясы), «Бояулардың ашықтығы және қызықты композициялық шешім» номинациясында Асанов Қазыбектің (Жаңаарқа белгі беру және байланыс дистанциясы) жұмыстары атап өтілді.

Сондай-ақ, үш жүлделі орын бойынша 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар арасында Мироненко Константин (Қарағанды белгі беру және байланыс дистанциясы), Жанболат Айғаным (Балқаш белгі беру және байланыс дистанциясы), Исакаев Әли (Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясы), ал 9 жастан 12 жасқа дейінгі балалар арасында Дәулетбай Дариға (Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясы), Шмелева Ульяна (Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясы), Садық Фатима (Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі) ақшалай сыйлықпен марапатталды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді