Светаның өнеріне тәнті

Әлеумет
06.08.2020, 09:57

Елорданың бас станциясының жоспарлау-экономика бөлімінің жетекші инженері Светлана Претцердің өнеріне тамсанбайтын адам кемдекем. Оның қолынан шыққан ғажап дүниелер қарапайым заттардан жасалғанмен, олардың құндылығы мен сапасы өте жоғары. 

Өзінің айтуынша, ол бар ғұмырында сурет салмай немесе шығармашылықпен айналыспай жүрген кезі жоқ. Үнемі қиялында, ойында бір сызбалар үлгісі, суреттер нобайы жүреді де, соны бір күні қағаз бетіне түсіреді немесе заттай қолдан жасап жүзеге асырады.

Табиғаттағы түрлі ұсақ заттардан ол әдемі әшекей бұйымдар, сыйлықтар, қобдишалар мен картиналар, бойтұмарлар мен сувенирлер, гүлдестелер мен шашқа тағатын түрлі әшекейлер, құрғақ жемістер мен жаңғақтардан сыйлықтар жасап шығарады.

Бір айта кетерлігі, еңбегі қатты бағаланса да, ол осы еңбектерін сатып, табыс табуды ойламапты. Сүйікті хоббиі тек адамдардың қуанышына ортақтасқанда сыйлық ретінде ұсыну үшін жасалады немесе шығармашылық шабыты оянғанда жасалып, үйінің төрінде ілулі тұрады.

– Сурет салуға бала кезден құмармын. Әкем – ағаштан түйін түйіп, темірден де түрлі дүние жасайтын шебер болған. Ал анам қолынан бал тамған аспаз болды. Теміржолшылық та менің қанымда бар. Анам мен әкем жағынан ата-әжелерім – темір жолда еңбек еткен жандар. Қолөнершіліктен бөлек өзім кейде сантехниктің де орнын алмастыра аламын, кейде тіпті дрельмен жұмыс істеп, ұста да болып кетемін. Ең бастысы – менің мақсатым адамдарға қуаныш сыйлау, сол қуанышты өз қолымнан шыққан дүниелерді сыйлап жасағым келеді. Екі ұлымнан 3 немерем бар. Балалар өсіп, олардың кішкентайлары балабақшаға барғанда менің қолөнершілік қабілетім тіпті дами түсті. Мен солармен бірге қолдан түрлі дүние жасап, оларға көп нәрсе үйреттім, – дейді Светлана.

Оның қолынан шыққан безендірілген сыйлық бөтелкелер, жеміс-жидек дестелері, тұзды қамырдан жасалған картиналар мен қолөнер бұйымдары, әдемі безендірілген құттықтау хаттар, фоамариннен жасалған жаңажылдық ойыншықтар, рюмкалар мен фужерлерден әзірленген қоңыраушалар мен шам қойғыштар Светлананың айналасындағы жақын жандарын таң қалдырып, қуантып жатады екен.

Және олар бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Әр туындысын ерекше ыждаһаттылықпен, махаббатпен, көңіл бөле отырып жасайтындықтан оның туындыларын көргендер көз алмастан ұзақ сүйсіне қарап, өнеріне, фантазиясына тәнті болады. Ал оның теміржолдағы қызметіне келсек, кәсіби қызметіне де адал, 20 жылдан астам уақыт бойына болат жолда еңбек етіп келеді.

«Теміржолшылар династиясынан қазір ата жолын жалғап келе жатқан жалғыз менмін. Мен үшін станция – екінші үйім секілді болып кеткен. Мұндағы әріптестерімсіз өмірімді елестете алмаймын. Менің шығармашылық шабытымды қанаттандыратын да солар. Себебі ұжымда өтетін түрлі мәдени шараларда менің еңбектерім жоғары бағаланады, бәрі де Света не сыйлар екен деп күтіп жүреді», – деп күледі ол. 


Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады