Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Түрксібке тірек болған

Әлеумет
07.11.2020, 12:16

Елімізде теміржол саласына мамандар дайындау ісі Түрксіб теміржолы құрылысы басталғаннан қоса қабат қолға алынғаны белгілі. Биыл құрылғанына 90 жыл толған Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Түрксібпен түйдей құрдас. Түрксібке тірек болған оқу орнының қалыптасу кезеңі, даму жолы, бағындырған белесі туралы жылнама парақтары сыр шертеді... 

Республиканың түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүрген теміржолшылардың көбі осы қара шаңырақтан қанат қаққан. Сонау 1960-1980 жылдары біртұтас Қазақ темір жолы кезінде, одан кейін үш жол басқармасы құрылған жылдары салада еңбек еткен Социалистік Еңбек Ері К.М.Мұхамеджанов, Тың теміржолының басшысы болған Е.Б.Боранбаев, Алматы теміржолын басқарған М.Е.Бисембиев, Алматы және Қырғыз теміржолының бастығы болған Н.И.Қожабеков, теміржолшылар кәсіподағы ОК төрағасы болған Б.Е.Шубин, оның Алматы филиалының төрағасы болған А.Н.Байшапанов, Сенат депутаты болған Ж.С.Төрегелдинов, техника ғылымдарының докторы, профессор С.И.Нүсіпбеков, аталған оқу орнын ұзақ жыл басқарған Қ.С.Баймұхамбетов сынды түлектерін оқу орны мақтан тұтады. 

Теміржолда техникалық қайта құру мамандардан озық технологияны меңгерген жоғары кәсіби білімді талап еткен уақытта оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуына Құдайберген Көпжасаров, Нығметжан сенғарин, Рымбек Тұрғанбаев, Амангелді Омаров, Қалтай Сәмбетов сияқты көрнекті теміржол басшылары көп қамқорлық жасапты.


Колледж директоры, техника ғылымдарының кандидаты Ержан Нүсіпбековтің айтуынша, бұл оқу орнына кездейсоқ адам келмейді. 

«Атасы не әкесі теміржолшы болған, тұтас теміржолшылар әулетінің балалары бәрі. Кешегі Түрксібті салған теміржолшылардың шөберешөпшектері. Династиялық үрдіс басқа салада емес, теміржолда қатты дамыған», – деді колледж директоры.

Колледж басшылығының айтуынша, бұл оқу орнын бітірген мамандардың білімі жоғары оқу орнын тәмәмдағандардан бір мысқал да кем емес. Тіпті артық екенін теміржолшылардың өзі мойындайды. «Біз негізінен маманның сапасына көңіл бөлеміз. «Автоматтандыру», «Телемеханика», «Логистика» мамандығын тәмамдаған түлектерге сұраныс көп. Жыл сайын заман талабына сай жаңғырып, құрал-жабдықтарды толықтырып отырамыз. Оқытушылар да озық әдістемелерді енгізуден аянып қалған емес. Шәкірттердің игерген теориялық білімі оқу шеберханаларында, тәжірибелік сабақ өткізуге арналған полигондарда өткізіледі.

Бүгінгі күні типтік ғимаратқа орналасқан оқу орны арнайы оқу кабинеті, зертхана, тұрақты түрде ғаламторға қосылған компьютерлік кабинет, кітапхана, оқу залы, мұражаймен жабдықталған.

2006 жылдан бастап күнделікті оқу үрдісінде мультимедиялық бағдарлама пайдалану, электронды оқулықпен оқыту бойынша ақпараттықанықтамалық бағдарламалар мен қашықтықтан оқыту тәжірибеге енгізілді», – деді директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Марат Жайдаров.

Оқу орны басшылығы жұмыс берушілердің талап-тілегі үнемі ескеріліп, соған сай маман даярлауға ден қоятынын айтады. «Бұл саланың ұңғыл-шұңғылын оқу орнында жетік меңгермесе, ертеңгі күні бізге сын» дейді директордың орынбасары.

Шынында да, мұнда 5 мамандық бойынша оқитын студенттер салаға теория жүзінде ғана қанық болмай, кәдімгі еңбек барысындағы техникалық құралдарды көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы үйренеді екен. Мәселен, бір пән кабинетінде өз бағыты бойынша жолға шыққан пойыздың қозғалысын бақылауды тәжірибе жүзінде көруге болады. Сол теміржол, сол вагон.

Тек соның үлгі формасы демесеңіз, бәрі шынайы көрініс. Пойыздың әрбір процесін арнайы тетіктер арқылы басқарып отырады. 

Ал келесі пән кабинетінде шәкірттер тепловозды жүргізу және жөндеу тетігін бүге-шігесіне дейін біліп шығады. Осының бәрін болашақ мамандар еңбекке араласпай тұрып меңгеріп шығуы керек. 

2011-2014 жылдары колледж ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Халықаралық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын «Техникалық және кәсіби білімді жаңғырту» жобасы арқылы грант ұтып алып, СОБ жүйесінің ЭЦ-12 кешенді тренажерын, Микропроцессорлық орталықтандыру бойынша сигнал беру және бұғаттау кешенді тренажерын, 200 нұсқасындағы МиниКом ДХ-500 оқу сыныбы тренажерлері сатып алыпты. Ал өндірістік практиканы қамтамасыз ету бойынша колледждің әлеуметтік әріптестері – Алматы жүк тасымалы бөлімшесі мен магистральдық желі бөлімшесі, вагон пайдалану депосы, локомотив пайдалану депосы, жол дистанциясы, электрмен жабдықтау дистанциясы, белгі беру және байланыс дистанциясы сынды оңтүстік астанадағы теміржол құрылымдарымен келісім жасалған. Соңғы жылдары маман даярлауда тәжірибеге енген дуальдық оқуды жүзеге асыру аясында «Жүк тасымалы» АҚ филиалы – «Алматы ЖТ бөлімшесі», «Алматы локомотив пайдалану депосы» құрылымдарымен ұзақ мерзімді келісім бойынша қоянқолтық әріптестік орнатқанын да айта кеткен жөн.

Колледждің материалдықтехникалық базасы лицензиялық талапқа сай жабдықталғаны бірден көрінді. Кітап қорын толықтыруға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 1,5 млн теңге қаражат бөліп, жыл сайын демеушілік көрсетіп келеді.

Міне, бүгінге дейін 67 мыңнан астам түлекті ұшырған оқу орны теміржолды орта буын кадрлармен жасақтауға зор үлес қосып отырған білім ошағы деп толық айта аламыз.

Аймақтар
26.07.2024
Таразда кәсіподақтың ұйытқы болуымен футбол алаңы ашылды
Жолаушылар тасымалы
26.07.2024
Жолаушылар пойызындағы бір күн
ҚТЖ келбеті
26.07.2024
Тілдей таспада талай сыр бар
Темір жол тарихы
26.07.2024
Сауатты кадрлар ғана салада оң өзгеріс жасайды – ардагер
Жүк тасымалы
26.07.2024
Контейнерлік тасымалдың инновациялық үрдістері
Жүк тасымалы
26.07.2024
Иран-Қытай көлік бағыты жаңартылуда
Жаңалықтар / Мұрағат
26.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №61 26 шілде 2024 жыл
Жүк тасымалы
25.07.2024
ЕАЭО елдері теміржол көлігін дамыту мәселесін талқылады
Жүк тасымалы
25.07.2024
Атырауда жүк тасымалы межеден асып түсті
Әлеумет
25.07.2024
Қызылордалық 20 бала «Туған жерге саяхат» турымен Астанаға аттанды
Темір жол тарихы
25.07.2024
Паровоз тізгіндеген қазақ қызы
Жолаушылар тасымалы
24.07.2024
Пойызға билетсіз мінгізгені үшін жұмыстан шығарылды
Жаңалықтар
24.07.2024
Құрық теңіз порты мен Транскаспий халықаралық көлік бағытын байланыстыратын жол күрделі жөндеуден өтті
Жаңалықтар
24.07.2024
Кірме жолдарды мемлекеттік меншікке беру рәсімі аяқталды
Әлемде
23.07.2024
Германияда Еуро-2024 кезінде қалааралық пойыздармен 12 миллион жолаушы тасымалданды
Әлемде
23.07.2024
Еуропалық Одақ көлік жобаларына 7 миллиард еуро бөлмек
Жүк тасымалы
23.07.2024
ҚТЖ астық тасымалына дайындығын пысықтауда
Қауіпсіздік
23.07.2024
Атырауда техникалық-әдістемелік сабақ өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
23.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №60 23 шілде 2024 жыл
Жаңалықтар
22.07.2024
Қазақстан, Түрікменстан және Ауғанстан жаңа теміржол магистралінің құрылысын талқылады