Паровоз тізгіндеген қазақ қызы

Темір жол тарихы
25.07.2024, 10:52
Оқуға 3 мин
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облысы Рысқұлов ауданы Луговой ауылында (Түрксіб станциясы) қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш паровоз машинисі Забира Жүсіпова атындағы көше бар. Сол көшеде есімі тарихта қалған паровоз машинисінің ұлы Жолдас тұрады.

Будақтаған қою түтінін соңынан шұбыртып, ысқырып келіп станцияға тоқтаған отарбаға бір жағы қызыға, бір жағы үрейленіп қарайтын ауыл жұрты бірте-бірте теміржолшы мамандығын игере бастайды. Бірақ жол жұмысшысы, белгі беруші, паровозда от жағушы сынды жұмыстарды атқарып, техникаға дендей қоймаған кезде алып отарбаны тізгіндеген қаршадай қызды көргенде «менмін» деген жігіттердің өзі аузын ашып, көзін жұмып қалады екен...

Сонау қазақ тарихындағы аумалы-төкпелі заманда, 1922 жылы 15 мамырда дүниеге келген оның азан шақырып қойған аты Жәбира екен. Сондықтан көп жерде Зәбира да, Жәбира да аталады.  4-5 жасында ата-анасынан қатар айырылып, балалар үйінде тәрбиеленеді. 1938 жылы бұрынғы Фрунзе, қазіргі Бішкек қаласындағы теміржолшылар даярлайтын училищеге оқуға түседі. Бір жылдан соң 1939 жылы Қырғызстандағы Пішпек станциясының паровоз депосына слесарь болып жұмысқа орналасады.

Жұмысына тиянақты Зәбира Жүсіпова 1939 жылдың қараша айында-ақ машинистің көмекшісі болып сапарға шығады. Батыл да жігерлі қыздың талабын байқаған депо басшылығы оған үлкен сенім артса керек. Пішпек – Луговой бағытындағы алғашқы сапарына жүрексінбей шыққан Зәбира машинистің де көңілінен шығып, болашақта мынау деген машинист болады деп болжаған екен. Ол теміржолшы формасын киіп, машинист көмекшісі болып шыққанда небәрі 18 жаста екен. 1939 жылдың соңына қарай қазіргі Түрксіб станциясына паравоз машинисі болып ауысады. Еңбек кітапшасы 1939 жылы 11 қаңтарда ашылған.

– Анам Жәбира машинист көмекшісі болып жүргенде әкем Дәулет сол паравозда от жағушы екен. Кейін соғыс жылдарында ол да машинист болған. Екеуінің таныстығы жол үстінде басталыпты.1940 жылы шаңырақ көтеріп, 1942 жылы үлкен ағам өмірге келді. Қазір қарашаңырақта отырған екінші ағам Жалғас, – дейді Зәбира Жүсіпованың қызы Аманкүл Дәулетқызы.

Осылайша, Зәбира теміржолшылар әулетіне келін болып түседі. Дәулет Рыстыевтің 3 бауыры да теміржолда еңбек етіпті. Ал аталары Рысты Түрксіб    теміржолының құрылысына қатысқан екен.

Аманкүл Рыстыеваның айтуынша, ата-анасы соғыс жылдары күн демей, түн демей қатар еңбек етіпті. Анасы босана салып үш күннен соң белін буып жұмысқа шығып кетеді екен. Екеуі де зейнетке шыққанша еңбек еткен. «Ағам екеуіміз ата-анамыздың жолын жалғадық. Ол 40 жыл осы салада ревизор болса, мен Тәттіде станция кезекшісі болып жұмыс істедім. Қазір екеуміз де зейнеттеміз. Тізгінді төртінші буынға бердік. Бүгінде Жолдастың немерелері Айдос пен Жандос теміржолшы», – дейді ол.

Тұңғыш паравозшы қазақ қызының ерен еңбегі оны абыройға бөледі. Әйел машинистер арасында алғашқы болып «Ленин» орденімен марапатталып, Қырғыз ССР Жоғары Кеңесінің грамотасын алған. 1971 жылы 24 ақпанда Жоғары Кеңеске депутат болып сайланып, Қазақстан компартиясының ХІІ съезіне делегат болып қатысқан. Ұл-қызы сақтаған суреттің сыртында «Жәбира апамыз ХІІ съезге шақырылғанда 20-қатар, 72-орында отырған» деп жазылыпты. Жамбыл локомотив пайдалану депосының  музейінде жерлестерінің мақтанышына айналған паровоз машинисі Забира Жүсіповаға арналған арнайы бұрыш бар.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды