Теміржолшылар отбасы. Әлемді мейірім құтқарады

Әлеумет
27.12.2020, 11:38
Динара Желдібаева

Сонау соғыс жылдары өмірге келген ұрпақ аз тауқымет тартпады. Белі бекіп, бұғанағы қатпаған талай бала әкесінен ерте айрылып, тағдырдың ащы кермегін аямай тартты. Бала боп асыр салып ойнамаған олар қаршадайынан ауыр еңбекке араласты. Бүгінгі кейіпкерлеріміз – сол ұрпақ өкілдері.

Зұлмат соғысқа аттанған әкесінен үш жасында көз жазып қалған бала анасының қас-қабағына қарап, еңбекпен шыңдалып өседі.

«Сол еңбектің арқасында көштен қалмадық, ең бастысы аш қалмадық» деп еске алды балалық шағын қырық жыл теміржол саласында тер төккен ардагер Тойғұлла Дәлібаев. 

– 1952 жылы Үшқоңырда жайлауда отырсақ, үйге Боралдай станциясының бастығы келді. Кәстөмі әдемі. Иығында сары кекілі бар. Ол уақытта теміржолшылар сондай форма киетін. 

Әлгі кісінің киімін ұнатып, қарай беремін қайтақайта. «Өскенде кім боласың?» деп сұрады. «Станция бастығы боламын» дедім жұлып алғандай.

«Ей, айналайын, дегеніңе жет!» деп арқамнан қақты. Аузыма осы сөзді құдай салған шығар, 9-сыныптан кейін теміржол техникумына түсіп, теміржолшы болдым, – деген ардагер 1962 жылы еңбек жолын «Жетісу» темір жол бекетінде кезекшіліктен бастаған күні қатты толқып, станция бастығы боламын деген арманына қол жеткізеріне сенгенін айтады.

Сенімі алдамапты. Көп ұзамай Алматы-2 вокзалында станция кезекшісі лауазымынан бастап маневр диспетчері, аға көмекші, станция бастығының орынбасары, станция бастығы дәрежесіне көтерілді. Еліміздің ең ірі темір жол торабы – Алматы-2 станциясында басшылық ету оңай емес еді. Кеңес кезінде жан-жақтан тәулік бойы ағылып жатқан жүк вагондарын жайғастырып, реттеу станция бастығынан бастап пойыз құрастырушыға дейін темірдей төзім мен сауатты іс-әрекетті қажет етті.

«Бұл менің өмірімдегі ең қиын әрі мазасыз жылдар еді» деген ардагер темір жол саласында жарты ғасырға жуық уақытының қалай өтіп кеткеніне таң. Шүкір, барлық арманына қол жеткізді, осы саланың жоғары марапаты «Құрметті теміржолшы» атанды. Отбасын құрып, бала-шаға өсірді.

Құдай қосқан қосағы Маида ханым қырық жыл мұғалім болды. Алматы қаласындағы №46 теміржол мектеп-интернатында ұстаздық етіп, теміржолшылардың балаларын тәрбиеледі.

Ерлі-зайыптылардың ерекше бір қасиеті – қайырымдылық. Анасының «Қолыңнан келген қайырыңды адам баласынан аяма, балам, сауабы тиеді...» деген сөзін құлағына құйып өскен Тойғұлла аға жұбайы екеуі талай үйсіз-күйсіз жас отбасыларға көмектесті, жылағанның жасын сүртіп, құлағанға сүйеу болды. Осыдан оншақты жыл бұрын телеарнадан Меруерт есімді өрімдей жас қыздың апатқа ұшырап, жұлын омыртқасына зақым келгенін айтып жатыр екен. Еліміздің медицинасынан қайран болмаған соң, шетелге барып емделу керектігін айтып, жылап отырған қыздың тағдыры жанына аяздай батқан Тойғұлла аға мен Майда апай сол қызға көмектесуге бел буды. Бес жылдай төсек тартып жатқан Меруертті Германияға ота жасауға екі рет баруына күш салды. Құдайға шүкір, қыз аяққа тұрып, кейін оқуын бітіріп, отбасын құрып, қазір жұмыс істеп жүр.

Осы қайырымдылық көмегі үшін Дәлібаевтарға сол жылдары «Алтын жүрек» сыйлығы берілді. 

Әлбетте, өмірін жақсылыққа арнаған жандар бақытты болары хақ. Өнегелі отбасынан өсіпөнген балалар да ата-ана салған сара жолмен келеді. «Әке көрген оқ жонар» демекші, екі ұлы да әке жолын қуып, темір жол саласында жемісті еңбек етіп келеді. «Үлкен ұлым – тепловозда машинист, екінші ұлым – маневр диспетчері болды. Бүгінде екі ұлымнан 6 немере сүйіп, қызығын көріп келеміз. Оларды мейірімділік пен бауырмалдылыққа, имандылық пен қайырымдылыққа баулимыз. Алла тағала «Кең болсаң, кем болмайсың деген ғой», – дейді жақсылық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырған ерлі-зайыпты Дәлібаевтар. 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда