Көнекөз теміржолшы кәсіби мерекені дербес атап өтуді ұсынады
Әлеумет
13.08.2021, 13:42
Жылдағыдай биыл да тамыздың бірінші жексенбісі дәстүрлі Көлік қызметкерлері күні аталып өтті. Соңғы жылдары жалпы көлік қызметкерлерінің ортақ мерекесі болып ресми бекітілсе де көпшілік үшін ол сол баяғыша теміржолшылар күні болып қалған секілді.
Өйткені, біздің елде бұл күнді елеп-ескеріп, тойлап жатқан негізінен теміржолшылар, ал автожол қызметкерлері құрылысшылар күнін «меншіктеп» алған. Сонымен отандық теміржолшылар аты өзгергенмен, заты өзгермеген мерекені кезекті рет атап өтті.
Отандық теміржол саласының корифейлерінің бірі, Құрметті теміржолшы Әби Сарқыншақовтың бұл орайда айтары бар. Күні бүгінге дейін қоғамдық шаралардан тыс қалмай, саладағы жаңалық-өзгерістерге құлағы түрік жүретін ардагер нағыз шежіре, «тірі энциклопедия» десек болғандай. Әби ағаның архивінде жоқ нәрсе жоқ шығар. Бізге сонау өткен ғасырдың 30-40 жылдары жарық көрген газет тігінділерін, құжаттарды көрсетіп, қателігімізді бетімізге басып талай ұялтқан...
Ардагердің айтуынша, теміржолшылар күні патшалық Ресейде 1896 жылы елде теміржол құрылысын салуды бастаған император І Николайдың туған күні құрметіне 25 маусым болып бекітілген. 1917 жылға дейін Ресейде бұл күні теміржолшылар тіпті жұмыстан босатылып, мерекені тойлаған екен.
Революциядан кейін тоқтап қалған бұл дәстүр 1936 жылы жалғасын тауып, кеңес үкіметінің арнайы қаулысымен тамыздың бірінші жексенбісі теміржолшылар күні болып бекітілген. Содан бері бұл күн барша кеңес елінде дәстүрлі теміржолшылар мерекесі ретінде кең көлемде аталып өтетін болды.
– Бірақ Қазақстанда бұл күннің атауы өзгеріп, «Көлік қызметкерлерінің күні» болып кетті. Теміржолшылар деген елдегі 150 мың адамды құрайтын ең үлкен жұмысшылар ұжымының төл мерекесін өз атауында қалдыру керек еді деп санаймын, бүкіл өмірін осы салаға сарп етіп, теміржолшы болғанын мақтан тұтатын, оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп, атакәсібіне айналдырған әулеттер үшін бұл өте маңызды. Мысалы, бұл күні мен өзімді Көлік қызметкерлері күнімен емес, Теміржолшылар күнімен құттықтағанды қалар едім, – дейді теміржолдың «майын ішіп, жілігін шаққан» ардагер.
«Ресейде осыған байланысты түрлі пікірлер мен ұсыныстар айтылып жатыр. Көрші ел теміржолшылар күнін баяғы І Николай патшаның туған күніне орайластырып, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруді қозғап жатыр, таяу уақытта солай болуы әбден мүмкін» деп қосты ақсақал.
Ал біз ше, тағы Ресейге қарап патша ағзамның туған күнін тойлауға көшеміз бе? Жалпы, ардагер дұрыс айтады, «Көлік қызметкерлері күні» деп меншікті мерекелерін жалпылап жібергенге көңілдері қоңылтақсып, «Мен үшін ол бәрібір теміржолшылар күні» дейтін теміржолшылар аз емес. Бұл тұрғыда ардагердің ұсынысы да бар екен. Айтуынша, Ресей коммунистер бекіткен датадан бас тартып, мерекенің түп тарихына қайта оралып жатса, бізге неге өз тарихымызға үңілмеске дейді.
Ал біз ше, тағы Ресейге қарап патша ағзамның туған күнін тойлауға көшеміз бе? Жалпы, ардагер дұрыс айтады, «Көлік қызметкерлері күні» деп меншікті мерекелерін жалпылап жібергенге көңілдері қоңылтақсып, «Мен үшін ол бәрібір теміржолшылар күні» дейтін теміржолшылар аз емес. Бұл тұрғыда ардагердің ұсынысы да бар екен. Айтуынша, Ресей коммунистер бекіткен датадан бас тартып, мерекенің түп тарихына қайта оралып жатса, бізге неге өз тарихымызға үңілмеске дейді.
– Қазақстанға теміржол патшалық Ресей тұсында тартылған Орынбор-Ташкент теміржолымен келді деп санаймыз ғой, жарайды сол дата қалсын-ақ, Ресейдің Орта Азияға жол ашу мақсатын көздеген жобасы болса да батыстан бастап оңтүстік аудандарға өтіп, Ташкентке дейін теміржол тартылып, пайдасын да көрдік қой. Бірақ Қазақстанның төл теміржолының тарихы атақты Түрксібтен басталады. Қазақстан теміржолының атасы – сол Түрксібтің туған күні, яғни Айнабұлақта қос бағыттан салынған жол түйісіп, күміс шеге қағылған 30 сәуірді неге «Теміржолшылар күні» етіп бекітпеске? – деп ұсыныс айтады Қазақстанның еңбек сіңірген көлік қызметкері Әби Сарқыншақов.Жалпы, теміржолшылардай өз кәсібіне адал халық аз. Мейлі ол пойыздар қозғалысын басқаратын диспетчер, қос рельсті жамап-жасқап күні өтетін жолшы немесе тізбек-тізбек пойыздарды сүйреген тепловоз машинис- тері болсын, өз кәсібіне шын берілген, жандары сірден берік, қиындыққа төзімді жандар. Сондықтан да теміржолшылар арасында өз мамандығын ауыстырып, орта жолда басқа кәсіпті таңдайтындар жоқтың қасы. «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының жанынан құрылған Консультативтік кеңес мүшелері осы салаға қырық-елу жыл еңбегі сіңген қадау-қадау тұлғалардан тұрады. Әби Сарқыншақов, Нығметжан Есенғарин, Қалтай Сәмбетов сынды осы кеңес мүшелері теміржолдың жырын жырлап, жоғын түгендеп, күні бүгінге дейін жарғақ құлақтары жастыққа тимей жүргені – сол салаға деген шексіз сүйіспеншіліктері емей немене?! Осы ардагерлердің бастамасымен өткен жылы Луговой станциясы Түрксіб атауын иемденді. Аты аңызға айналған құрылыс бастау алған станцияның «Түрксіб» аталуы тарихи әділеттіліктің салтанат құруы дер едік. Ендеше, Қазақстанда жұмысшы табының, жұмысшы интеллигенциясының қалыптасу көшін бастайтын теміржолшылар құрметіне жеке мереке күнін белгілеу керек деген пікірімен келісу – осынау темірдей төзімді, қайсар рухты кәсіп иелеріне деген құрмет болса керек. Бұл – бүкіл саналы ғұмырын теміржол саласының өсіп- өркендеуіне арнаған қадірменді ақсақалдың жеке көзқарасы, ұсынысы. Сіз не дейсіз, оқырман?
ҚТЖ келбеті
28.07.2026
Шулық теміржолшылар апаттың алдын алды
Әлеумет
28.07.2026
«Үміт» пойызы іске қосылды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Ақтөбеде теміржол өткеліндегі қауіпсіздік мәдениеті тексерілді
Аймақтар
28.07.2026
Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде екі автотрансформаторлық пункт салынды
Қауіпсіздік
28.07.2026
Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Қауіпсіздік
28.07.2026
Қарапайым ережені сақтайық
Жолаушылар тасымалы
28.07.2026
Пойыздағы санитарлық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі?
Спорт
28.07.2026
Бас жүлдегер – «Теміржол қалқаны»
Жаңалықтар / Мұрағат
28.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №57 28 шілде 2026 жыл
Жаңалықтар
27.07.2026
ҚТЖ төтенше жағдайларға дайындықты және өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтті
Аймақтар
27.07.2026
Табиғат аясындағы семинар-тренинг
Аймақтар
27.07.2026
Сарыбел вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Әлемде
27.07.2026
Alstom компаниясы Франциядағы IPCEI сутегі жобаларын тоқтататынын хабарлады
Аймақтар
27.07.2026
Құрғақ порт пен логистикалық парк құрылысы басталды
Жаңалықтар
27.07.2026
Миллионыншы контейнер Ресей – Қазақстан – Қытай бағдары бойынша жөнелтілді
Аймақтар
24.07.2026
Ақмола облысында қайта жаңартудан кейін екі теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
24.07.2026
Орал – Жилаево аралығында теміржолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық рейд өтті
Жолаушылар тасымалы
24.07.2026
Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
Инфрақұрылым
24.07.2026
Шетпенің жаңа келбеті
Аймақтар
24.07.2026
Таразда теміржолдағы қауіпсіздік бойынша рейд өтті