Аса станциясының теміржолшылары сауапты іс жасады

Әлеумет
23.08.2021, 09:52
Асхат Райқұл

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Аса станциясының теміржолшылары қой сойып, оның етін мұқтаж отбасыларға үлестірді. Бұл екінші класты станцияда отыз шақты теміржолшы еңбек етеді. Олар ортадан қаражат жинап, осындай сауапты іс атқарғанды жөн көрген. Станция бастығының орынбасары Нұрсұлтан Тұрсынбаев жастардан түскен сауапты бастаманы ұжым қуана құптағанын айтты. Малдың еті Аса ауылындағы әлеуметтік ахуалы төмен, көп балалы бес отбасыға таратылыпты. Ол шаңырақтардың тізімі жергілікті әкімдіктің жұмыспен қамту орталығынан алынған. Станция қызметкерлері осындай шараны жыл сайын ұйымдастырып, дәстүрге айналдырғанды жөн көріп отыр.

 «Теміржолшылар мұндай игі істі асып-тасып отырғандарынан емес, қазіргідей қиын-қыстау заманда, пандемиялық ахуал алқымнан алған кезеңде күнкөрістері өзімізден де төмен азаматтарға тамшыдай болсын демеу болса екен деген ниетпен жасады. Әрқайсымыз айналамызға мейірімімізді шашып, шама-шарқымызша қол ұшын созып, жәрдем беретін болсақ, қазіргі әлемді жақсы жағына өзгертер едік. Әр қоғамда көптеп кездесетін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, жұмыссыз жандардың көңілдері бір көншіп қалар еді», – деді Аса станциясының кезекшісі Мейірлан Қойшыбаев.

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының бірі Күлсара Әбілдаева көп балалы екен. «Ауылымыздағы теміржолшылардың бұл қайырымдылық ісіне алғыс айтамыз, екі-үш асым ет көп болмаса да, олардың ниеті мен пейілі үлкен еді. Олардың ісі өзге қалталы азаматтарға үлгі болып, мынадай қиын-қыстау заманда қайыр жасауды ұмытпағай», – деді Күлсара ана. Аса станциясы өндірісте де озаттар қатарында. Екінші класты станция негізінен жүк пойыздарына қызмет етеді. «Қазфосфат» ЖШС-ның жүк түсіруіне, жүк тиеуіне, вагондарына қызмет көрсетеді. Минералды рудалармен жұмыс істейді. Станция арқылы сары фосфор, мұнай, жанар-жағармай түрлері тиелген вагондар ағылып жатыр.

Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Спорт
07.08.2026
Дойбышылар додасы
Жаңалықтар
07.08.2026
Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана-1 теміржол вокзалында рейд өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
07.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №62 07 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
06.08.2026
ҚТЖ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту іс-шарасы өтті
Жаңалықтар
06.08.2026
Ұзақ мерзімді сервистік қызмет көрсету ҚТЖ локомотив паркінің сенімділігін арттырады
Жаңалықтар
05.08.2026
Теміржолшылар 53 теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын өткізді
Жаңалықтар
04.08.2026
Құрық порты 2026 жылдың І-ші жарты жылындағы жұмысын қорытындылады
Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды