Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі жаңа оқу жылында 1053 оқушыға қаржылай қолдау көрсетті

Әлеумет
03.09.2021, 08:20
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Биыл жаңа оқу жылын бастаған маңғыстаулық біраз оқушы теміржол мен кәсіподақ ұйымдарынан берілген су жаңа сөмкені ұстап мектепке барды. Білім күніне дайындықтың басты мәселесі шешілген ата-аналар да риза. Бір үйден мектепте төрт бала оқитын отбасылардан 94 балаға «Балаларды мектепке жинаймыз!» акциясы аясында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ атынан сыйлық сөмкелері таратылды. Сондай-ақ, теміржолшылар кәсіподағы тарапынан да аймақ бойынша бірінші сыныпқа баратын 94 бала осындай оқу құрал-жабдықтарымен қамтылды. Одан басқа ұжымдық шартқа байланысты балаларды мектепке дайындау үшін ата-аналарға қаржылай қолдау көрсетілді. Бір ғана жүк тасымалы бөлімшесі бойынша 1053 оқушыға 2 АЕК мөлшерінде көмек берілді. Оның 1020-сы – бір отбасында үштен көп оқушы оқитын жанұялардың, 33-і – екіден көп бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналардың балалары.

– Барлық бала бірдей, тең құқылы. Білім күнінде ешқайсысы мұңайып қалмауы тиіс. Әркімнің жағдайы әртүрлі. Біреудің әр балаға бірдей жаңа сөмке алып беруді немесе қажет құралдармен толық қамтуды қалтасы көтермеуі мүмкін. Сондай жағдайларды ескере келе мектеп жасында төрт бала және жалғыз- басты ана тәрбиелеп отырған бірінші сыныпқа баратын оқушыларды іріктеп алдық. Кәсіподақ ұйымының атынан мұндай сыйлықты шалғайдағы станцияларға да беріп жібердік. Ақжігіт, Опорная, Сай-Өтес, Өзен, Шетпе, Болашақ, Бейнеу, Маңғыс- тау, Құрық порты станциялары мен №460, 463 бекеттерде тұратын балалар қазір өз сыйлықтарын алып, мектепке барып жүр, – дейді Теміржолшылар кәсіподағының Маңғыстау өңірі бойынша өкілі, Маңғыстау қосалқы бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Әзірбай Тұрмағанбетов.

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі персоналды басқару бөлімінің басшысы Азат Төлегеновтің айтуынша, мекемеде 70 балаға оқу құралдары берілген.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті