Жамбыл облысындағы алты елді мекенде жолдың үстінен көпір салу қажет

Әлеумет
07.09.2021, 12:56
Асхат Райқұл

«Темір жол – қауіпті аймақ» деген жаттанды сөзге айналғандай, көпшілік елеп-ескере бермейді. Күн сайын қайталанып жатқан қайғылы оқиғалар да ой салар емес. Бір ғана Жамбыл облысы аумағында алты елді мекенде теміржол үстінен өтетін аспалы көпір салу қажет. Осыдан бірер апта бұрын Құмшағал станциясында орын алған үш жасар қыздың өлімін мысалға алсақ, балалы әйел теміржолды белгіленбеген жерден бірінші рет кесіп өтпегені белгілі. Құм- шағалдықтардың айтуынша, сол теміржолдан өтемін деп арбаға таңылғандар мен ажал құшқандар аз емес екен. Жергілікті халық теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселесін атам заманнан бері көтеріп келеді. Соңғы рет 2016 жылы аспалы көпір мәселесі жергілікті әкімдікке жеткенімен, нақты шешім қабылданбаған. Құмшағал тұрғыны Тоқберген Орынбасардың айтуынша, сол жылы көпір салуға қолайлы орын сайланып, тіпті сызбасы да дайындалған көрінеді. Тараз станциясы желілік полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары Аслан Қайназарұлы халық көп шоғырланған аумақта теміржолдың жиегі қоршалуы қажет екенін айтты. Өйткені бұл адам өлімімен аяқталған аймақтағы бесінші оқиға екен... Аса станциясы маңында да аспалы көпір салуға сұранып тұрған жер бар. Станция орын тепкен Жамбыл ауданында 12 157 мыңнан астам халық бар болса, 1 520 тұрғын теміржолдың сол жақ бетінде тұрады. Солардың бәрі, мектеп оқушыларымен қоса ересектер де күнделікті жұмысқа, әлеуметтік нысандарға бару үшін теміржолдан өтеді.

– Теміржолдың арғы бетіне өту дегеніңіз «қыл көпірден» өткенмен пара-пар. Бірақ ауылдың орталығына бару үшін, амал жоқ, өтеміз. Өйтпесек, іс бітпейді. Бәрінен де балаларды уайымдаймыз. Сыртқа шығып кетсе, іздей бастаймыз. Ойын баласы үлкендердің ескертуін естен шығарып алады емес пе? Қолына баласын көтеріп алған қыз-келіншектерге де оңай емес. Қазір тұрғындар саны артып келеді. Жуық арада теміржолдың жиегі қоршалып, аспалы көпір салынбаса, тағы қандай оқиға орын алатынын айтудың өзі қорқынышты», – дейді ауыл тұрғыны Бекжан Мақұлов.

Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, осы қауіпті аймақтағы аспалы көпір мәселесі бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігін былай қойғанда, Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттарының да қоғамдық қабылдауларында ұсынылған. Тіпті Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдың қоғамдық қабылдауында да бұл мәселе көтерілген. Үкімет басшысының орынбасары аспалы көпір құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын аудандық бюджет есебінен дайындауға тапсырма берген. Қазір қажетті құжаттар дайындалып, республикаға жолданып отыр. Алайда, ол сома қазынадан қашан қаралып, құрылыс жұмыстары қай кезде басталатындығы белгісіз. Аспалы көпір салу Тараз станциясына қарайтын теміржолдарда да өзекті. Мысалы, «Қант зауыты» мен «За линией» алаптарының тұрғындары бұл мәселені көтеріп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған. Алайда, аспалы көпір мәселесі шешімін таппай, айдың-күннің аманында теміржолдан өтемін деп өмірімен қоштасқандардан бөлек, көрер жарығы бар жандардың өзі мүгедек болып қалып жатыр. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының бас инженері Анатолий Ким ҚТЖ басшылығы мен жергілікті әкімдік бұл мәселеден хабардар екенін жасырмады. Бірер апта бұрын ғана орын алған оқиғаның салдары бойынша бірқатар жедел шаралар да қабылданыпты. Атап айтқанда, станцияларда дабыл қағатын аппараттарды арттырып, қосымша жарықтандыру, теміржол бойына ескертпе үшін банерлер қою жұмыстары қолға алынған. Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын күшейткен.

«Теміржол бойында тұратын халықтың жағдайы бізге белгілі. Расында қанша ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен қайғылы жағдай орын алуда. Құмшағалдағы оқыс оқиғада кішкентай қыздың ажал құшқаны өте ауыр жағдай болды. Бірақ дәл сол аумақта бірнеше өткелдер бар, оны бәрі біледі. Әрі Құмшағал станциясында пойыздың келетін-кететінін дабыл арқылы ескертіліп тұрады. Оны әйел адам әрине елемеген. Ал қазіргі аса қауіпті аймақтардың тізімінің басында Байзақ батыр көшесі тұр. Бұл жерге жерасты көпірін салуға да болады. Бірақ оған аса қомақты қаржы керек. Әрі теміржолдағы пойыз бағытта- ры да уақытша тоқтауға мәжбүр болады. Сол үшін әзірге аспалы көпір салынса да болар еді. Бұл жағдайға байланысты жергілікті әкімдікке бірнеше рет хат жаздық», – дейді бас инженер.

Орын алған жағдайдың барлығын ескере отырып, Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі басшылығы облыс әкімдігіне хат жолдаған. Онда Тараз қаласында аспалы көпір салуды қажет ететін алты аумақ көрсетілген. Тізімнің басында Байзақ батыр көшесіндегі «Элеватор» аялдамасы тұр. Одан кейін Абай көшесіндегі теміржол қиылысы, «Ауыл береке» базарындағы автокөлік көпірі, Құмшағал, Аса, Талас станцияларының аумағы да ескеріліпті. 2021 жылдың 7 айында тұрғындардың теміржолдың рұқсат етілмеген орындардан өтуінің салдарынан пойыздар 106 рет шұғыл тежелуге мәжбүр болған. Соның ішінде 7 жағдай адам басу оқиғасымен аяқталыпты. Хатта осы деректердің барлығын көрсете отырып, «теміржол үстінен өтпелі көпір салуға облыстық бюджеттен қаржы қарастыруды сұраймыз» делінген.

Жаңалықтар
10.03.2026
ҚТЖ: су тасқынына дайындық ерекше бақылауда
Жаңалықтар
10.03.2026
ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті
Инфрақұрылым
10.03.2026
Қазақстанның теміржол инфрақұрылымын жаңғырту
Жүк тасымалы
10.03.2026
Қазақстан мен Ресей арасындағы контейнерлік тасымал 5 жылда 8,3 млн тоннаға дейін өскен
Әлемде
10.03.2026
Түркия алғашқы жүрдек электр пойызын сынақтан өткізбек
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Еңбегі берекелі билет кассирі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
ҚТЖ келбеті
09.03.2026
Қарбаласқа толы күн
Жолаушылар тасымалы
09.03.2026
Ақтөбе облысында тасжолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ пойыздарымен 540 жолаушы жеткізілді
Трансформация
08.03.2026
ҚТЖ тасымалдауды жоспарлаудың автоматтандырылған жүйесін енгізуде
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Шынайы құрметке лайық
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Еңбек жолы – өнеге
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Қауіптің алдын алды
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Үздіктер қатарында
ҚТЖ келбеті
08.03.2026
Батыл шешім бағаланады
Жолаушылар тасымалы
08.03.2026
ҚТЖ пойыздарымен жыл сайын шамамен 6 млн әйел жолаушы сапарлайды
Жаңалықтар
08.03.2026
Талғат Алдыбергенов теміржолшы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет