Құрметті теміржолшы Сағындық Қанатбаев дүниеден озды
Әлеумет
10.09.2021, 11:31
«Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі еңбек ардагері, құрметті теміржолшы Сағындық Қанатбаевтың қайтыс болуына байланысты әулетінің, отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.
1936 жылы Сыр елінде туып-өсіп, Қазалы теміржол техникумын бітірген Сағындық Тәжіқоразұлы еңбек жолын 1957 жылы жолдамамен Ақадыр локомотив депосында бастап, алдымен паровозға от жағушы болып, тепловоз машинисінің көмекшісі, тепловоз және электровоз машинисі, 1-санатты электровоз машинисі, нұсқаушы-машинист сынды ұзақ та абыройлы еңбек жолынан өтті.
«Құрметті теміржол машинисі» белгісімен, «Еңбек ардагері» медалімен және «Қазақстан Республикасының көлік саласына еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталды. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін «Тыл ардагері» атанды.
Теміржолшылар арасында өз ісінің кәсіби шебері, жауапты маман, шебер ұйымдастырушы ретінде танылды. 1991 жылы құрметті зейнеткерлікке шыққан соң Ағадыр кентінің қоғамдық жұмыстарына етене араласып, ақсақалдар алқасын басқарды. Сағындық Тәжіқоразұлының өнегелі ісін бүгінде оның балалары, немерелері жалғастырып, темір жол саласында еңбек етуде. Абыз ардагердің жарқын бейнесі, өнегелі өмір жолы оның әріптестері, ізбасарлары жадында әрдайым сақталады.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті