Редакцияға келген хат: Ардагерлер Теміржолшылар күнін дербес мереке ретінде атап өтуді ұсынады

Әлеумет
13.09.2021, 10:15
Менің қолыма қалам алдыртып отырған жайт, газеттің №66 санындағы «Ардагердің айтары бар» атты мақалада Құрметті теміржолшы Әби Сарқыншақовтың ұсынысына орай өз пікірімді білдіруді жөн көрдім. Редакцияға Құрметті теміржолшы, зейнеткер Тәуекел Әділбековтаң хат келді. "Қадірлі ақсақалымыз жоғарыдағы мақалада Теміржолшылар мерекесі өз алдына, яғни жеке дата болу керектігін айтады. Тамыздың алғашқы жексенбісінде аталып өтетін кәсіби мерекенің теміржолшылар күні емес, көлік қызметкерлері күні болып өзгеруі дұрыс емес, теміржолшыларға төл мерекесі атауын қайтару керек деген ұсынысына қосыламын. Біз байырғы теміржолшылар ол күнді тек теміржолшылар күні деп білеміз, әлі күнге теміржолшылар солай қабылдайды". Осы мақалада ардагер ағамыз Ресейде теміржолшылар мерекесі 1896 жылы император І Николайдың туған күні, яғни 26 маусым болып бекітіліп, 1917 жылға дейін бұл күн демалыс болып келгенін сөз етеді. Ал революциядан кейін 1936 жылдан бастап тамыз айының 1-ші жексенбісі теміржолшылар күні болып өзгертіліпті. Бертін келе екі елде де көлік қызметкерлері күні болып кетті. Егер Ресей баяғы патша І Николайдың туған күні, яғни 26 маусымды қайта жаңғыртып, теміржолшылар күнін белгілер болса, бізге расымен неге Түрксібтің туған күнін 30 сәуірді белгілемеске, бұл орайда ардагердің айтып отырған ұсынысы орынды. Сонымен қатар, өз тарапымнан қосар жеке ұсынысым – барымызды бағалай білейік. Теміржолшылар күнін біз де ұлттық теміржолға еңбегі сіңген біртуар екі азаматтың бірінің туған күнімен байланыстырсақ: бірі қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы, инженер-жолшы М.Тынышпаевтың туған күні 12 мамыр. Ал екіншісі, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың туған күні 26 желтоқсан. Теміржол – жүз мыңдаған адам еңбек ететін үлкен, әлеуметтік сала. Сондықтан теміржолшылар құрметіне жеке мереке қажет деген пікірді қолдап-қуаттаймын, оған өзін теміржолшымын деп санайтын барлық әріптестерім қосылар деп ойлаймын.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті