Ақтаудағы болашақ теміржолшылар өндірістік тәжірибеден өтіп жүр

Әлеумет
23.09.2021, 10:50
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжінде білім алатын болашақ теміржолшылар теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруда. Колледж студенттері Маңғыстау теміржолы мекемелерінде оқу-өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр. Өткен апта білім орнының теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мамандығының екінші курс студенттері колледждің өндірістік оқыту шебері, ардагер-теміржолшы Бақыт Тұрымовтың жетекшілігімен локомотив депосында болып, теміржол көлігінің қыр-сырымен танысты. Шәкірттеріне теориялық білімнің тәжірибеде қалай қолданылатынын көрсетуге бастап келген оқыту шеберінің айтуынша, студенттердің бір тобы Маңғыстау локомотив пайдалану депосында, тағы бір тобы «Қаскортранссервис» жекеменшік компаниясының локомотив депосында тәжірибеден өтуде екен. Ұйымдастырушылардың сөзінше, студенттерге арналған өндірістік сабақтар қазанның 14-не дейін өзге мекемелерде жалғаспақ. Ал болашақ слесарьларды вагон шаруашылығына саяхат, сол жердегі тәжірибелі теміржолшылармен тағылымды кездесу күтуде. – Депоға осы қыркүйекте қырық шақты бала кезек-кезегімен келіп, тәжірибелік сабақ алып кетті. Біз оларға алдымен теміржолшы өз қауіпсіздігін, одан кейін теміржол қозғалысы қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істеу керектігін үйреттік. Өмірін теміржолмен байланыстыратын әрбір адам мұны міндетті түрде білуі тиіс. Тепловоз жөнінде толық мағлұмат беріп, әрбір бөлшегін жіліктеп тұрып көрсеттік. Тепловозға көтеріліп көруіне мүмкіндік бердік. Темір жол көлігі қалай жүреді, қандай ережелерге бағынады, машинистің міндеті, барлығын тәжірибе түрінде де, лекция барысында да жан-жақты таныстырылды. Екіге бөлініп оқу кабинеттерінде дәріс тыңдады, – дейді Маңғыстау локомотив пайдалану депосының оқыту жөнінде нұсқаушысы Жұмабек Аселов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті